"Әл-Наср" клубы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының 2030 жылғы футболдан ӘЧ-ні өткізу өтінішінің елшісі болады деген қауесетке қатысты жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Әл-Наср" жаңалықтарда беріліп жатқан ақпаратқа қарамастан, Криштиану Роналдудың біздің клубпен келісімшарты әлем чемпионатына қатысты ешқандай жауапкершілік артпайтынын нақтылайды.
Клубтың жетістікке жетуіне көмектесу үшін футболшының бар назары "Әл-Наср" және командаластарымен жұмысқа бағытталған", - делінген клуб мәлімдемесінде.