Жасыл экономика. Технологиялық инкубаторлар

Жасыл экономика. Технологиялық инкубаторлар

Қоғам мен энергетикалық нарықтың ойыншылары жасыл энергетиканы дамыту туралы жиі айтып жүр. Ал дамыған елдер болса, жасыл экономиканы дамыту үшін салаға ауқымды қаражат салып жатыр. Дегенмен баламалық қуат көздеріне басымдылық тек соңғы 5 жылдан бері ғана беріліп келеді.

2010 жылдан бері бұл салаға құйылған инвестициялар жылына 200 млрд доллардан асып отыр. Жалпы баламалы қуат көзі секторы үшін өткен жыл өте сәтті болды Bloomberg New Energy Finance агенттігінің мәліметінше, табиғат энергетикасына тартылған инвестиция көлемі 21 пайызға өсіп, 329 млрд долларға жеткен. Аталған салаға қаржы құйғысы келетін инвесторлар Қазақстанда да жоқ емес. Дегенмен заңнамалық, әкімшілік тұрғыдан біраз кедергілер бар секілді.

Бауыржан Баймұханов


Бауыржан Баймұханов, Қазақстандық «Баламалы қуат көздері» қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы:
– 2009 жылы Баламалы қуат көздері жөнінде арнайы заң қабылданды. Өткен жылы оған өзөгертулер енгізілді. Дегенмен бұл құжаттың орындалуында кемшін тұстар бар. Шетелдік инвесторлар үшін қажетті деңгейде кепілдеме болу керек. ITS және тағы бір қаржы институты 3 млрд АҚШ долларына дейін баламалы қуат көздері саласына қаржы құюға дайын екендіктерін жеткізді. Олар бұл саланың әлеуетін көріп отыр. Дегенмен салынған инвестицияны қайтаратын механизмі болу керек. Алайда олардың құны инветицияның қайтарымына кепілдік бермейді. Тарифтерді индексациялап, инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылса, бұл экономика үшін жақсы әсер берер еді.

«Байтақ болашақ» экологиялық альянсының басшысы Азаматхан Әміртаев қазақстандық бизнес бастаушы. Ол жастардың жасыл жобаларын іздеп, оларды коммерцияларындыруға ықпал етіп жүрген азамат. Қазірдің өзінде альян маңызды дүниелерді қолға алған. Жасыл энергетикада жеке инвесторлардың көмегінсіз ештеңеге қол жеткізу мүмкін емес дейді ол.

Азамат Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының басшысы: 

Инвестиция дегенде ол тек материалды түрде емес, сонымен қатар кеңес беру, бизнес идеяларды Қазақстанға алып келу деп түсінуге болады. Осы бағытта біз өткен жылы АҚШ-та болдық, көптеген штаттардағы, қалалардағы жасыл экономиканың даму жобаларын көрдік. Сол идеяларды Қазақстанға әкелу үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Жасыл экомика Американың Техас штатында, елдің солтүстігінде орналасқан ауданда ең үздік деген жасыл жобалар шоғырланған. Америкалықтар жасыл экономика саласының әлеуетіне сенеді. Инвесторлар бұл тұрғыда жоғары оқу орындарында оқып жатқан жастардың жобаларына үміт артады. Митч Джэйкобсан әлеуметтік жобаларды қадағалап жүретіндердің бірі. Ол Техас университетінің таза энергия инкубаторының басшысы. Ең мықты деген технологиялар Джекобстың бастамасымен нарыққа шығарылады. Шетелде бизнесэнджл деген ұғымды дамытып жүрген Митч түрлі технологиялық алпауыт компаниялардың көмегімен жастардың идеясын жүзеге асыруға көмектесіп жүр. 

 

Митч Джэйкобсан

Митч Джэйкобсан, Техас университетінің таза энергия инкубатырының басшысы: 

– Университеттің өзі технологиялық инкубатор, бизнес мектеп, инженерлік мектеп, фармацептикалық мектеп болып бөлінеді. Студенттер, phd докторанттар факультет оқытушыларымен жұмыс істейді. Жаңа технологияны зерттеп, оны нарыққа енгізуді қалайтын адамдармен біз қуана әріптестік орнатамыз. Мен әлеуеті бар деген жобпаларды коммерцияландырумен айналысамын. Біз басымдық беретін бірнеше секторлар бар, олардың бірі энергетика. Біз еліміз бойынша алғаш болып таза энергетика инкубаторын құрдық. Ол 2001 жыл еді. Ал технологиялық инкубатордың негізі сонау 1989 жылы қаланды. Сосын тағы 20 жылдан кейін биотехнологиялық инкубатор аштық. Ол жаңа диагностикалық құрылғылар мен жаңа медициналық девайстарға негізделген. Менің әріптестерім осы дүниелермен жұмыс істесе, мен энергетикаға басымдық бердім. Оның ішінде әсіресе су қуатына. Себебі қазір таза су мәселесі әлемде нөмірі бірінші проблема болып тұр. Біз суды тазартататын құрылғылар шығаратын, суды үнемдейтін технологияларды шығаратын жетекші компаниялармен жұмыс істейміз. Осы бағытта студенттеріміз де жобаларын жасайды. Тағы бір қызықты бағыт ол қалдықтар. Оларды қайта өңдеу, сұрыптау мәселесі қазір өте маңызды болып отыр. Шыны керек, қазір бұл жақсы бизнес көзі. Қазір урбанизация процесі қарқынды жүріп жатыр. Әлем халқының 75 пайызы қалада тұрады. Бұл дегеніміз үлкен мегаполистерге үлкен қысым көрсетіледі деген сөз. Сондықтан мен айтқан бдағытта инфрақұрылымды дамыту маңызды. Кез келген жоба нарыққа шықққаннан кейін ол өз өміршеңдігін дәлелдеу керек. Мен бәсекелесі жоқ ешқандай бизнес түрін кездестірмеппін. Мәселен күн панельдерін шығаратын компанияны интернеттен іздеп көріңіз, бір емес, бірнеше кәсіпорын шығады. Энерготиімді материалдар да солай.
Дамушы мемлекеттер қазір енді ғана аяқтарынан нық тұрып келеді. Дамыған елдер бұл тұрғыда энердженси нарыққа қол ұшын беруі керек деп ойлаймын. Қазақстан жас мемлекет. Еолдеріңізде өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінің тақырыбы – «болашақтың энергиясы». Қазір бұл әлем бойынша өзекті мәселе. Қазақстанда жасыл экономикаға қатысты қабылданған стратегиялық құжаты да бар екен. Жасыл экономикадағы үлесі аз болса да, елдің әлеуеті мықты. Ең бастысы осы бағытта дамуды қалайды, бұл өте маңызды. 


Америка жасыл экономиканың маңыздылығын әлдеқашан түсінген ел. Қазақстанмен де бірлесіп жұмыс істеуге кетәрі емес. Жалпы, жасыл технологиялардың пайдасын бүгінде бір емес, мыңдаған адам түсініп келеді. Арнайы ғылыми орталықтардан басқа жекелеген өнертапқыштар да бұл салада зернттеулерін жүргізіп, өнертабыстарын баршаға таныстырып жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, жасыл экономика ғылым мен білімге, адам ресурсына тәуелді. Бір аспап сыр берсе, жасап жатқан жобалар сіз күткендей нәтиже бермейді. Сондықтан білім мен ғылымға құйылып жатқан қаражат елдің тұрақты дамуына салынған инвестиция деп біліңіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста