Жаңартылған энергия көздерін қолдану мен энергетикалық тиімділікті арттыру стандарттары

Жаңартылған энергия көздерін қолданудың негізгі ерекшелігі – олардың энергетикалық потенциалының ұдайы өндірісі жылдам және энергия шығыны аздау болып келеді. Жаңартылған энергия көздерінде қолданылатын құрылғылар қоршаған ортаға әдеттегі дәстүрлі энергия тасқындарына қарағанда әлдеқайда аз кері әсер етеді.

Жаңартылған энергия көздері халықты жылу және электр жүйесімен қамтамасыз етудегі шығындарды азайтып қана қоймай, сонымен бірге, энергияны үнемдеуді ішкі магистралдар мен жүйелердің байланысынсыз-ақ автоматты түрде реттеп отыруға жол ашады. Бұл мемлекетіміздегі электр желісін орнату қиынға түсетін, тіптен, мүмкін болмайтын елді-мекендер үшін өте маңызды мүмкіндік.
Бұдан басқа, жаңартылған энергия көздері экологиялық аспектіге де пайдасын тигізеді: қоршаған ортадағы көмірқышқыл газының үлесінің төмендеуі, зиянды қалдықтардың азаюы, өзен-көл суларының ластануының бір қалыпқа келуі мен жер қыртысының құнарлануы және т.б. тікелей осы энергия көздерінің көмегімен бастапқы қалпына келіп жатыр.

Қазіргі таңда жаңартылған энергияның салмағының өсуі әлемдегі барлық мемлекеттер үшін мынадай маңызды мәселердің шешімін табуға мүмкіндік беріп отыр:
• Органикалық отындарды экономдау мен энергияны үнемдеуге деген сенімділіктің күшеюі;
• Жергілікті энергияны үнемдеу мәселесінің оңтайлы шешімін табуы;
• Тұрғылықты халықтың кәсіптері мен өмір сүру дәрежесін арттыру;
• Алыс аймақта орналасқан елді-мекендерді тұрақты электр желісімен толық қамтамасыз ету;
• Мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық келісіміне сәйкес атқарылатын міндеттерін жүзеге асыру.
Жаңартылған энергетикалық ресурстардың құрамына мыналар кіреді: өзен, көл, теңіз, мұхит суларынан алынатын энергиялар мен өнеркәсіптік су қоймалары және жел мен күн энергиясы, биомассалар, ағынды сулар, тұрмыстық және өндірістік қатты қалдықтар.
Көптеген дамушы елдер жаңартылған энергетиканы мемлекеттік саяси дәрежеде қолдануды мейлінше жоғары сатыға көтеруде және осы бағытта әр түрлі мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Жаңартылған энергия көздерінің жалпы энергияға деген сұраныстағы үлесі шамамен 13%-ды құрайды. Стандарттау – бұл үкімет басындағылардың бәсекеге қабілеттілікке, инновацияға, саудадағы техникалық кедергілерді жоюға, екі жаққа да тиімді сауданың қалыптасуына, тұтынушылардың қызығушылығын сақтап қалуға, қоршаған ортаны қорғауға қатысты саясатын жүзеге асырудың негізгі кілті болып табылатын фактор. Стандарттаудың маңызы – ол бүкіл әлемдік сауда нарығы мен технологиялардың өзара сіңісуі бойынша атқарылатын іс-шаралардың күшеюін өсіреді.
Барлық салаға байланысты өзінің артықшылығына қарамастан, стандарттау әлі күнге дейін үкіметтің барлық салаға қатысты өткізілетін іс-әрекеттерінде тиісінше қолданылмай келеді, соның салдарынан стандарттаудың инфрақұрылымы оңтайлы нәтиже бермей отыр. Алайда, нақ осы стандарттау ғана мемлекеттік басқару процесінің тиімдірек болуына шынайы көмек көрсете алады.
Жаңартылған энергия көздері саласына ұлттық стандарттарды тиімді енгізу мен жетілдіру келесі басымдылықтарға қол жеткізуге жол ашады:
• Бірыңғай терминология мен мөлшер орнату;
• Менеджмент жүйесі мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерді кодификациялау;
• Қажетті инженерлік тәжірибелер қорын жинау;
• Сенімделген, өлшенген және есепке алынған біркелкі тәсілдерді жақсарту;
• Энергия жинақтау басқармасының жұмысын алға жылжыту;
• Ғылыми әріптестік пен әрекетке, жалпы саясаттағы үйлесімділікке қолдау көрсету;
• Пайдаланушылар мен тұтынушылардың біліктілігі мен жеткілікті мәлімет алуын қамтамасыз етіп отыру.
Стандарттау – энергетиканың қарқынының жаңартылған энергия негізінде ұлғайуы мен дамуының артуына жол ашады, сауда жасаудағы шығынды жояды, сонымен қатар, энергообекътілерді эксплуатациялайды, құрылысын жобалайды. Осыған байланысты, альтернативті энергия көздеріне біртіндеп көшу үшін осы саладағы стандарттардың дамуына ұлттық қаржы қорынан қолдау бірінші кезектегі мәселе болуы керек.

Тұрақты бағытқа көшу үшін қойылатын талаптар мен қазіргі таңда белгілі энергетикалық шешімдерде стандарттар қандай роль атқара алады?

Баламалы энергия көздерінің, соның ішінде, күн энергиясының жылдық қорының молдығы үкімет басындағылардың назарын аударуда. Осыған байланысты, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мақсатында 2009 жылғы 4 шілдеде «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Заңның мақсаты: экономиканың энергия сыйымдылығы мен энергетиканың қоршаған ортаға әсерін төмендету; ЖЭК пайдалану үлесін арттыру; ЖЭК пайдалану үшін қолайлы жағдай жасау; парник газдардың шығарындыларын азайту бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындауға көмектесу.
Көптеген энергетикалық тиімді технологиялар мен тәжірибелер бүгінде жоғары экономикалық маңыздылыққа ие, бірақ олар әлі де келесідей тосқауылдардан өтуді қажет етеді:
• Тиімді экономиканың «экономикалық мүмкінділігі» жайлы мәліметтердің аздығы;
• Энергетикалық тиімділіктің сипаттамасы мен жалпы өлшемі жайлы ақпараттың жеткіліксіздігі;
• Энергетикалық тиімділіктің жүйесі мен процесіне талдау жүргізудің толық орындалмауы;
• Стимулдардың әр түрлілігі, мысалы, әр түрлі экономикалық стимулдардағы үй иелері мен жалға алушылардың өз құрылғысын орната отырып өндірген энергиясына оны пайдаланғаны үшін ақша төлеуі;
• Энергетикалық тиімділіктің жиі туындайтын көптеген маңызды факторлармен байланысқан және капиталға кері әсерін тигізетін белгісіз аргументтер үшін шешім қабылдауға қабілетсіздік.
Тәжірибеге сәйкес осы тосқауылдардың алдын-алу үшін энергия өндіруге қолданылатын құрылғыларды алғашқы қолданысқа енгізілген кезінен бастап дұрыс орнату мен әмбебаптандыру және оны толық энергетикалық тиімді құрылғыға айналдыру керек. Сонымен қатар, жоғарыдағы тосқауылдарды жою үшін көптеген тиімді шаралар мен сапа және менеджмент жүйесінің бірқатар стандарттары және техникалық стандарттар қолданылады. Бұл стандарттар энергияны тұтынушыларға энергетикалық тиімділіктің қаншалықты қажет екенін түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, тосқауылдарды сәтті жоюдағы маңызды қадам болып табылады. Энергетикалық тиімділікті бақылау және тіркеу, салыстыру, анықтау, өлшеу туралы жалпы стандарттар қабылдаған кезде, олар саудадағы барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндік орнатады. Сондықтан, осындай жағдай орын алғанда гармоникалық стандарттарды қабылдау тиімді болып келеді.
Себебі, бұл стандарт энергетикалық тиімділікті арттыруда мыналарды жүзеге асыруға қабілетті:
• Өндірістегі шығарылатын қалдықтың минималдығы мен жаһандық саудадағы энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігін тексеру;
• Экономикалық және саяси бірлестіктердегі энергетикалық тиімділіктің жалпы маңыздылығын кеңінен салыстырудағы мүмкіндіктің болуы;
• көптеген өнеркәсіптердің тауарларын қолданыстағы енгізу;
• Ұйымдардың өндірістік жұмыстарын ең үздік тәсілмен жылдам стратегияға бағыттау.
Энергетикалық тиімділік аумағында қолданылатын техникалық стандарттар энергетикалық тиімділікті анықтау мен өлшеу параметрлеріне шектеу қоя алмайды. Бірақ, техникалық стандарттар энергетикалық тиімділікті тестілеуден өткізу, сертификаттау және маркалауды жүзеге асырады, сонымен қатар, осы жүйе мен процеске байланысты туындайтын кез келген мәселелерді қамти алады және энергия тұтынушыларды басқару, мониторингтау, анықтау, энергия жинақтау және әр түрлі әдіс-тәсілдер мен бағдарламаларды қолдануды іске асыра алады. Осы стандарттарды кірістіру мен өңдеу арқылы ішкі сауда мен халықаралық саудадағы энергетикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.

Халықаралық стандарттар не ұсынады?

Халықаралық стандарттар – энергиялық сектордың құрамына кіре отырып, өндірістің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға көмектеседі, энергияның барлық саласында таралған және кеңінен қолданылады, сапаны енгізеді, бақылау жүргізуге мүмкіндік береді, ішінара байланыс пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді, зиянды қалдықтар мен экологиялық кері әсер етуді төмендетеді. Сонымен қатар, халықаралық стандарттар мыналарды қамтамасыз ете алады:
• Осы аумақты қарастыратын алдыңғы қатарлы тәжирибелер мен технологияларды сипаттайтын келісілген және нақты жүйені, терминологияны жүзеге асыруды, классификацияларды, сенімдеу әдістерін, сенімдеу нәтижелері мен оның деңгейіне сипаттамалар мен менеджменттің ең танымал тәжірибелерін;
• Қазіргі заманға сай білім мен осы облысқа эксперт жүргізіп отыруды қалыптастыру және халықаралық келісімге негіздей отырып технологиялық, экономикалық, мемлекеттік қызығушылықтың тепе-теңдігін сақтау және әлемнің көптеген мемлекеттеріне қызмет көрсету;
Бұған қоса, халықаралық стандарттар келесі факторларды ерекше бағалайды:
• Экономикалық саудадағы барлық қатысушылар үшін белгісіздікті жою, яғни бәсекеге қабілетті жалпыға ортақ атмосфера құру, жеке меншік секторлардың мақсатын жылдамырақ өзгерту және жаңартылған энергия көздері мен энергетикалық тиімді өнімдерді коммерциялау;
• Халықаралық саудадағы өнімдерді қолдау мен осы аумақта қызмет көрсету және жаңа сауда орталықтарын құру;
• Тұтынушылардың сеніміне кіру және оларға жан-жақты түсінік бере отырып, кең таңдау жасауларына қолайлы жағдай туғызу.

Билік басындағы ұйымдар үшін халықаралық стандарттар жүйесінің құндылығы

Халықаралық стандарттар мен халықаралық стандарттау жүйесі билік басындағы ұйымдар үшін мынадай артықшылықтар ұсынады:
• Халықаралық стандарттар бәсекелестікті арттыруда маңыздылыққа ие және энергетика саласын қарастыратын мемлекеттік саясаттың потенциалдық гармонизациясы үшін маңызды роль атқарады;
• Халықаралық стандарттардың арқасында билік басындағылар әр түрлі жаңартылған энергия көздері мен кез келген саладағы (құрылыс, тұрмыстық техникалар, өндірістік тауарлар) энергетикалық тиімділікті көрсететін құжаттарға еш қиындықсыз қол жеткізе алады;
• Стандарттау жүйесі талап етілген сұраныстарды мүмкіндігінше тез өңдеуге, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыратын техникалық шешімдерді қабылдауға және билік басына тағайындалған мемлекеттік ұйымдар үшін ашық және тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді;
• Халықаралық стандарттар сауда саласындағы техникалық кедергілерді жою туралы ДСҰ қабылдаған барлық талаптарды толықтай қанағаттандырады және бүкіл әлемде саудадағы артық кедергілерді жоюға қабілетті құрал ретінде қолданылады, сонымен қатар, кез келген келеңсіз мәселелер мен туындайтын проблемаларды техникалық регламенттің негізіне ала отырып, соған сәйкес шешеді.
Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы ұйымдар арасында халықаралық стандарттар қолдануға тиімді және маңызды. Бұған дәлел ретінде Вашингтондағы Ақ Үйде өткен, Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың арасындағы Саммитте қабылданған, энергетикалық қауіпсіздік пен климаттың өзгерісі туралы бірлескен келісімді алуға болады. Бұл құжатта былай деп жазылған: «жаңартылған энергия көздерін қолданудағы кездесетін кедергілерді халықаралық стандарттарға сүйене отырып жою мен алдын-алу...» және осы салаға жауапты стандарт көрсетілген.

Қорытынды:

Ұлттық экономиканың кез-келген саласы үшін жаңартылған энергия көздерін қолдануды арттыру үшін мынадай 4 маңызды жағдай жасалуы тиіс:
1. жаңартылған энергия көздері сферасында ұлттық стратегия қабылдау (нақты тапсырмалар қою);
2. үйлесімді заң шығарушы және нормативтік база қабылдау (құрылымы мен нарықтағы жұмыс ережесін белгілеу);
3. дәстүрлі энергетика тарапынан бәсекелестіктегі ақ ниеттілік пен айқындылықты жоғарылату;
4. осы салаға қаржы бөлудің өсуін қамтамасыз ету.
Әр қайсы анықталған элементтерді жүзеге асыру барысында қаржы бөлу мәселесі үшін әлі күнге толық резолюция қабылданбай келеді. Резолюция қабылдау үшін аталған шарттардың барлығы тиісінше олардың қағидаларын түсіндіріп, жалпыұлттық стратегияға сәйкес ерекше шекаралық талаптарды ұсынатын құқықтық және нормативтік құжаттарды қажет етеді. Осы шарттардың бірін жаңартылған энергия көздері негізінде энергиялық объектілерге сәтті қолдану – нормативті-құқықтық база болып табылады, мұндағы ереженің негізінде жаңартылған энергия көздерінің дамуы мен қолданылуы жатыр және бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін стандарттар мүмкіндік туғызады.

Қонақбаев Б.О.,
ф.-м.ғ.д., проф. Асқарова Ә.С.,
ф.-м.ғ.д., проф. Бөлегенова С.Ә.,
доцент Шортанбаева Ж.Қ.,
Байжұма Ж.Е.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста