Қазақстан Норвегия секілді мұнайдан түскен қаржыны баламалы энергия көздерін дамытуға жұмсауы тиіс

 Қазақстанға Норвегияның жолымен жүріп, мұнайдан түскен қаржыны баламалы энергия көздерін дамытуға салуға кеңес берілді. Мұнайды құндылығы жоғары өнімдерді өндіруге қолдануға болады. Қазақстанға мұнайдан түскен қаржыны жаңартылған энергия көздерін дамытү үшін жұмсау керек деп санайды германиялық Covestro AG компаниясының өкілі Ричард Норткоут.

«Сіздердің республикаларыңыз мұнай және газ кен орындарына бай болғанына қарамастан баламалы энергия көздерін дамыту керек деп санаймын. Мысалы, Норвегия мұнайды көп өндіреді. Алайда бұл мемлекет мұнайды сатып, өздеріне жел станцияларын салуда. Өйткені норвегиялықтар жаңартылған энергия көздерінің – біздің болашағымыз екенін, оны дамытуға бүгін қаржы салу керектігін біледі. Ерте ме, кеш пе, мұнай таусылады, ал күн мен жел мәңгілік», деді ол «Климаттың өзгеруіне орай энергетикалық шешімдер» сессиясы аясындағы «Болашақ энергиясы» форумында сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ ол Сауд Арабиясын да мысалға келтірді. Оларда да мұнай қоры жеткілікті, дегенмен арабтар күн энергиясын дамытуға күш салып отыр.
«Табиғи ресурстардың болғаны өте жақсы, алайда бұған қарамастан баламалы энергия көздерін дамытқанымыз жөн. Мұнайды жанармай ретінде жақпай, басқаша қолдану жолдарын іздеу керек. Айталық, мұнайдан құндылығы жоғары өнім өндіруге немесе мұнай химиясында қолдануға болады», - деді Норткоут.
Сонымен қатар спикер Астанада үлкен халықаралық көрмені өткізудің өзі елдегі баламалы эгергия көздерін дамытуға жасалған алғашқы қадам екенін атап өтті. "Маған Қазақстанның павильоны ұнады, мұнда инновациялық жұмыстар дәстүрмен сабақтастырылып жасалған. Меніңше, баламалы энергия көздерін дамытуда осындай қағиданы ұстанып, жайлап энергияның жаңа түрлеріне өтуге болады, – деп қорытындылады спикер.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста