Нәдір НӘДІРОВ, химия ғылымдарының докторы, профессор "Мұнай қоспасын қалдық ретінде емес, экономиканың өзге салалары үшін қажетті энергия бөлетін және қосымша шикізат ретінде қарастырған жөн"

Әлемдік экономиканың және жер шары тұрғындары санының өсуі энерге­ти­калық ресурстарға деген сұраныстың жылдам артуына әкеп соқтыруда. Сарап­шылардың мәліметтеріне қара­ғанда, 1980 жылдардың басынан бастап бүгінгі күнге дейін жалпы әлемдік энер­гия пайдалану 2 есеге дейін артты.
Соңғы кездері құрылыс материал­дары өндірісіндегі болашағы бар және басымдыққа ие бағыттардың бірі – өнеркәсіп қалдықтарын, оның ішінде құрамында органикалық компоненттері бар қалдықтарды пайдалану.
Мұнай шламдары мұнай-газ өндіру, мұнайды және мұнай өнімдерін тасы­мал­дау үдерісінде, оларды резервуар­ларда сақтағанда және өңдегенде пайда болады. Мұнай шламдарының көлемі үнемі көбейіп келеді. Мұнай сала­сын­дағы ұлттық және шетелдік компаниялар бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты оларды пайда­ла­нуға қызығушылық туғызып отырған жоқ.
Сондықтан қазіргі таңда мұнай ком­панияларының көпшілігі мұнай шлам­дарын кәдеге жаратумен айналы­са­тын мамандандырылған өзге компанияларға өткізу арқылы құтылуға тырысады.
Бұл компаниялардағы мұнай шлам­дарын кәдеге жаратуда қолданатын кең тараған әдісі – түрлі қондырғылар арқылы өртеу. Өйткені мұнай шламы тез тұтанатын және жанғыш материал­дар қатарына жатады. Мұнай шламы­ның осы қасиеті олардың құрамында пара­фин, шайыр және асфальтен сияқты құнды көмірсутегілі қосылыс­тардың болуын қамтамасыз етеді.
Сондықтан да мұнай қоспасын қалдық ретінде емес, экономиканың өзге салалары үшін қажетті энергия бөлетін және қосымша шикізат ретінде қарастырған жөн. 

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста