Қой алыбы - гиссар

Алматы облысында асыл тұқымды қой өсіретін шаруа қожалығы жетерлік. Соның алтауы әлемдегі ең үлкен қой саналатын Гиссар тұқымын көбейтумен айналысып келеді. Нәтижесі жаман емес. Талғар ауданындағы Зейнолла Махмұдұлы деген азамат сол алты қожалықтың бірін басқарады. Ерекше қойларды бағып отырған кәсіпкермен тілшіміз Мадина Берікқызы сұхбасттасып қайтқан еді.

Әлем бойынша ең ірі қойлардың бірі - гиссар деп аталады. Оның орта салмағы 100 киллограмм. Бойы 85 сантиметрге дейн жетеді. Мұндай ерекше ірі қара Қазақстан бойынша тек Алматы облысында ғана өсіріледі екен. Шаруа иелерінің айтуынша, гиссардың тиімділігі көп.

Зейнолла Махмұдұлы - Алматы қаласының тумасы. Бұл шаруашылықпен айналысқанына 20 жыл толды. Тәжікстаннан әкелген бұл қой тұқымының ерекшеліктері көп - дейді. Атап айтсақ, гиссар жылына 2 рет төлдейді. Күзде және көктемде. Сонымен қатар, ет өнімі де аз емес. Мәселен, салмағы 140 кг гиссардан 70 кг ет шығады. Мамандар пікірінше, бір гиссар қазақы қойдыңүш-төртеуіне татиды.

ЗЕЙНОЛЛА МАХМҰДҰЛЫ -КӘСІПКЕР

Гиссар қойы - жүні қылшық, еті майлы келетін құйрықты қойдың бір тұқымы. Еркек қойының тірілей салмағы -140 кг, саулығынікі - 100 кг. Сойғаннан соң 58-60 кг ет, ал бордақылаған еркек қойы 35-40 кг май береді. Гиссар қойы көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанда, аздап Қырғызстан аудандарында өсіріледі.

Гиссарды бағу оңай емес, өріске айдап жіберіп, кешкілік қораға қамай салғанмен ол семірмейді. Еекше күтім қажет. Дәрілеп семіртпей, табиғи дәрумендерді беріп ұлғайту әлде қайда тиімді -дейді шаруа иесі. Сондықтан, гиссарға лайықиталған арнайы бордақылау қоймасы да бар. Мұнда табиғи тұз, соя, жүгері сынды жемнің 10 түрі қойылған. Осындай қоректің арқасында қой салмақ қосып, бағалы болмақ. Мәселен, жаңа туған гиссар бағасы 200 АҚШ долларынан басталады. Ал қошқар мен саулығы 1000 доллардан .

ЗЕЙНОЛЛА МАХМҰДҰЛЫ КӘСІПКЕР

Ірі қара шаруашылығы оңай емес. Мен жылына 2 рет қырқу жұмыстарымен айналысам. Қыстың жем-шөбі тағы бар. Және жылына екі рет егу жұмыстарын жүргіземін. Енді алдағы уақытта мал басын көбейтіп, салмақ қосу басты мақсат болып отыр. Өйткені, гиссардың салмағын 200 кг жеткізсем, 100 кг ет алу жоспарда бар.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста