Қалауын тапсаң құс саңғырығы да кәдеге жарайды

Күнделікті қажетсіз деп саналған құс саңғырығын да қажетке жаратауға болады. Биоэнергетикалық қондырғы «Шымкент құс» ЖШС-де сынақтан өткізілді. Технологиялық үдеріске түскен құс саңғырығынан биологиялық тыңайтқыш алуға болады. Биоэнергетикалық кондырғы арқылы кәдімгі құс қиынан күніне 70 тонна экологиялық таза тыңайтқыш шығаруға болады. Қалдықтар алдымен 500 градуста қайнатылады. Өңделген саңғырықтар кептіріліп ауылшаруашылығында әжетке жарайтын болады. 400 мың мекиен тауығы бар құс фабрикасы тәулігіне 80 тоннаға дейін саңғырық шығарады. Тың технологияда өңделген қалдықтар әмбебап тыңайтқыш ретінде ұсынылып отыр. Мамандар қоректік заттарға бай бұл органикалық тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштардан артық болмаса, кем түспейді дейді. Тыңайтқыш зауыты қазіргі таңда 28 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт басшылығы өндіріс қуатын арттырған соң жеке шаруашылықтармен келісім-шарт аясында жұмыс істеуді бастайтындығын айтады.
Мұнан тыс құс саңғырығынан биогаз алуға да болады екен. Ордабасыда күркетауық етін өндіретін үлкен кәсіпорын бар. Онда күн сайын құстың саңғырығы тонналап жиналады. Осыған байланысты арнайы жоба әзірленді. Ол бойынша 27 тонна құс саңғырығынан тәулігіне 2 мың текше метр газ бен 5 мВт электр энергиясын өндіру жоспарланған. Егер жоба жүзеге асса, ауданда электр энергиясы тапшылығы мәселесі біржолата шешімін таппақ. Дәл осы баламалы энергия көзі бүкіл ауданда қолға алынса, бүгінгі таңда өндірісті толық күш-қуатында жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей тұрған энергия жетіспеушілігі өздігінен жойылар еді. Сонымен бірге, арзан электр энергиясы өндірілген тауардың өзіндік құнының арзандауына әкелер еді.
Биогаз өндірісінің бізге берер пайдасы өте мол. Біріншіден, экологиялық жағын аласақ, малдың қиында гельминт-құрттар болады. Осылардың кесірінен төрт түлік паразиттік ауруларға көп ұшырайды. Ал қиды ашытып өңдеу арқылы біз осы құрттарды залалсыздандыра аламыз. Екіншіден, агрохимиялық пайдасы бар. Өйткені, қиды өңдеу арқылы одан экологиялық таза органикалық тыңайтқыштар алынады. Бұлардың өзге тыңайтқышқа қарағанда ерекше бір қасиеті — топыраққа енген соң өсімдік тамырлары арқылы тез сіңіріледі. Үшіншіден, энергетикалық тұрғыдан алғанда пайдалы. Мәселен, биоэнергетикалық қондырғыларды электр жүйелеріне қосылмаған аймақтарда қолдануға болады. Сонымен қатар, қолданыстағы жарық тарифін төмендетуге әсер етеді. Былайша айтқанда, энергиялық тәуелділіктен толық құтқарады. Ең соңғысы, экономикалық жағынан тиімді. Айталық, шаруа 1 гектар егістік жерін тыңайтқышпен өңдеу үшін шамамен қалтасынан 60-70 АҚШ долларын жұмсайды. Ал биогаз технологиясын қолданса, электр энергиясын өндіреді әрі өз-өзін органикалық тыңайтқышпен қамтамасыз етеді.
Ал Оңтүстікте биогаз өндіретін шаруашылықтар бар ма екен? Инновациялық жобаларды жүзеге асырумен айналысатын «Шымкент-Инновация» ЖШС-нің химиялық технологиялар сарапшысы Әділет Пірімқұловтың пікірінше, әзірге мүмкін биоэнергетикалық қондырғыны ауласында орнатып алған жекелеген азаматтар бар шығар, дегенмен, ірі шаруашылық тек жоба негізінде ғана болып отыр. Біз тікелей агроқұрылымдармен, кәсіпорындармен жұмыс істейтін болғандықтан ол туралы шыны керек, біле бермейміз. Ал былайша малдың қиынан электр энергиясын өндіретін жобалар бізде баршылық. Биогаз технологиясын қолға алу кімдерге пайдалы десек, ол ірі қара өсіретін фермаларға, құс фабрикаларына, егін шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдарға, қант, сүт, балық зауыттарына, ет комбинаттарына, наубайханалар мен шырынды сусын шығаратын цехтарға, бір сөзбен айтқанда, қайта өңдеу кәсіпорындарына, сондай-ақ, жылыжай шаруашылығы мен коммуналдық және тазалау мекемелеріне тиімді. Өйткені, биогазды тек малдың қиынан ғана емес, тұрмыстық және кәріз су жүйесіндегі қалдықтардан да өндіруге болады. Мәселен, Қытайда әрбір көпқабатты үйдің жанында биоэнергетикалық қондырғылар бар. Жұмыртқадан жүн қырыққан қытайлықтар шайынды судың өзін босқа ағызбай, одан электр энергиясын өндіріп, тұтас бір үйді газ, жарықпен қамтамасыз етіп отыр. Бізге де осы нәрсе керек, – дейді Әділет Пірімқұлов.
Жеке кәсіпкер Мейрам Әмреев биогаз өндіретін қондырғыны тәжірибеден өткізіп көріпті. Бірақ қазір шикізаттың жоқтығына байланысты ол тоқтап тұр екен. 30-40 кВт электр энергиясын өндіру үшін күніне 1 тонна қи өңдеу керектігін айтады. «Егер мемлекет «жасыл тариф» бойынша баламалы энергия көздерінен өндірілген электр қуатын сатып алса дұрыс болар еді. Себебі, бізде Дермене, Ақдала секілді ауылдарда бұл іспен айналысуға шамасы жететін үлкен фермалар бар», — дейді ол.
«Шұбар» асыл тұқымды мал шаруашылығы кешені бұл тірлікті 2010 жылы қолға алған екен. Қондырғы сатып алуға 3,5 миллион теңге жұмсапты. Шамалы уақыт газ өндірген. Алайда, кейін қондырғыда пайда болған ақауларға байланысты жұмысты тоқтатуға мәжбүр болған. Оның үстіне оларда пайдалану актісі болмаған. Оны тек лицензиясы бар фирмалардан ғана алу керек екен. Мұндай фирмалар Ресей мен Қырғызстанда ғана бар көрінеді. «Биогаз қондырғысының бір артықшылығы, өзіне тиесілі мөлшерден артық электр энергиясын өндіреді. Мәселен, 4-5 мың сиыры бар сүт фермасына осындай қондырғы орнатып, тәулігіне 12 мВт электр қуатын алуға болады. Ферманы жарықпен қамтамасыз етуге 6-7 мегаватт жұмсаса, қалған электр энергиясын сатып ақша жасауына толық мүмкіндігі бар. Яғни фермер энергетика жағынан тәуелділіктен құтылып қана қоймайды, табыс та табады», – дейді кешен директоры Сабыр Лалиев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста