Бұлақ көрсек, көзін ашып жүрміз бе?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазекем «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегенді қандай мағынада айтты екен? Дәл жауабын біз де тап басып айта алмаймыз. Білетініміз, ата-бабалар барлығын әдемі сөзбен өрнектеп, дала философиясын кейінгі ұрпаққа қалдырды. Тарих атты терең тамырлы дүние біздің халқымыздың осындай тасқа басылғандай тәмсілдерін бүгінгі ұрпаққа мұртын бұзбастан жеткізді. Рас, ата-бабамыз табиғатқа жанашырлық танытты, оған зиянын тигізбей, аман-есен сақтауға мән берді. Соның нәтижесінде қоршаған ортамыздың көркіне айналған жүгірген жануар, ұшқан құс және иен даламыздың көркін кіргізген өсімдіктер күні кешеге дейін көз алдымызда өріп жүрді. Қазір ауызды құр шөппен сүртіп, құлазыған қу далаға қарай, еріксізден күрсінетін жағдайға жеттік. Жалпы, қоршаған орта дегеніңіз, тек аң мен құстан, өсімдіктен тұрмайды. Оған табиғаттағы барлық жаратылыс жатады. Солардың бірі – бұлақ. Бұрын тау баурайына барғанда сылдырап аққан бұлақтарды көретін едік. Керемет көңіл-күйге бөленіп жүрдік. Өкінішке қарай, қазіргі таңда сол көрініс көз алдымыздан жоғалып кеткендей күйге түстік. Расында, солай... Ешбір қоспасыз әңгіме. «Алаш айнасы» осы мәселеге байланысты зерттеу мақаласын әзірлеген еді.
Жергілікті жоғары оқу орнының бірінде дәріс беретін танысым өзінің зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында Қаратау қойнауына барып қайтты. Барып-келгеннен кейін осыдан 20-25 жылдай бұрын сылдырай ағып жататын қаншама бұлақтың көз алдымыздан жоғалып, ешқандай жанашырлық көрмеуі салдарынан тартылып қалғаны жайында сыр шертті. Мен де ойланып қалдым еріксізден... Бұл тек бір ғана Қаратау маңындағы олқылық деп тағы да айта алмаймыз. Тіпті, көркі көз тартатын әсем өңірлердің өзінде ол үлкен проблемаға айналып отырған болуы әбден мүмкін. Алайда, осы жағдайды елеп-екшеп отырған адам бар ма екен? Күнделікті күйбеңмен оған көңіл бөліп жүрген азаматты көрген жоқпыз. Тіпті, бұл тақырып бойынша әңгіме тиегін ағыта қалсаң, ешнәрседен хабарсыз кейіпке түсіп, иығын қиқаң еткізіп, басын шайқайды да әрі қара кете береді. Өйткені, біз бұл тақырыпқа мүлдем бас қатырмайтын болып алдық.
Өзіміз көріп жүргендей, бұлақтар таулы және қыратты аймақтарда, өзен, көл жағаларында жиі кездеседі. Бұлақтың арынсыз және арынды түрлері бар. Арынсыз бұлақ ылғалды жылдарда, көктемде қар ерігеннен кейінгі және жауын-шашынды кезеңдерде жер бетіне таяу жатқан грунт суы деңгейінің көтерілуінен пайда болады. Оны әдетте тұма деп атайды. Құрғақшылық жылдары, ылғалсыз жаз айларында мұндай бұлақтың суы тартылып қалады. Айтқанындай, қазір қоршаған орта заңдылығының бұзылуы салдарынан құрғақшылық жиі орын алып жатады. Соның салдарынан талай су айдындары тартылып кеткені белгілі. Сондай-ақ, біз бұрынғыдай табиғатқа жанашырлық көрсетуге пейілді болмай жүрміз. Айналып келгенде, бұл жағдай бұлақ секілді су көздерінің тартылып қалуына алып келді. Жоғарыда тіл ұшына орала кететін тәмсілді осындайда тағы бір мәрте айта кетпеске амал жоқ.
Қазақ даласында таулы аймақтар да көптеп кездеседі. Сол бір аумақтарда бұрқ-сарқ қайнап жатқан қайнарларды да көзіміз шалып жатады. Ол дегеніңіз, жер қойнауындағы терең қабаттардан тектоникалық жарықтар арқылы жер бетіне табиғи жолмен шығып жатқан арынды жер асты су көзі; арынды бұлақ. Оның суының өнімділігі жыл бойы тұрақты болып келеді. Жазық жерлерде – өзен аңғарлары мен қыраттар беткейінде оның тәуліктік су өнімділігі көбінесе ондаған текше метрден аспаса, тау бөктерлерінде, тауаралық ойыстарда жүздеген, мыңдаған, биік таулы аймақтарда одан да мол болады.Әктасты таулы өлкелерде кейбір арынды бұлақтардың тәуліктік өнімділігі бірнеше миллион текше метрге жетеді.
Біздің елімізде осындай арынды бұлақтар Қаратаудың Оңтүстік Қазақстан өлкесі аумағында мен Орталық Қазақстанның Ерейментау аймағында көбірек кездеседі. Олардан өзендер бастау алады. Оны жұртшылық ауыз су есебінде де пайдаланады. Егістіктер суарылып, мал жайылымдары суландырылады. Қайнар бастау алып шығып жатқан қабаттардың тереңдігіне қарай жылы және ыстық, ал жанартаулы өңірлерде, тіпті, ыстық бұлақ сулары жер бетіне шығып жатады. Мұндай аймақтар қатарына Ресейдегі Камчаткада, Куриль аралдары жатқызылады. Мұндай ыстық арынды сулар – жылу мен энергия қуатын алуға пайдаланылады. Таулы аймақтардағы (Жетісу мен Іле Алатауларында, Алтайдажәне өзге де өңірлерде) табиғи газға, денсаулыққа пайдалы аз мөлшерлі химиялық элементтерге қанық жылы, ыстық сулы қайнар бұлақ сулары санаторий, курорттарда қолданылады. Каспий бойындағы кейбір тұзды бұлақтардан ас тұзы өндіріледі.
Бұрынғы жылдарда тау баурайында жайлаулар орын тебетін. Төрт түліктің бәрі сонда жаз бойы сонда жайылатын. Әрине, қойшы таяқ ұстап қалғалы бері бұл көрініс көзден балбұл ұшты. Бәлкім, сол жылдарда елдің адамдары бұлақ көздерін ашып, төрт түліктің су ішуіне қолайлы жағдай туғызып жүретін. Қазір оның баурайында баяғыдай қойшы да жоқ, қой да жоқ. Бұлақ көздері де соның салдарынан бітеліп барады. Бірен-саран болмаса олардың саны мүлдем азайып кеткенін сол саланы зерттеп жүрген ғалымдар да айтып жүр. Әрине, қазір біздің қолымызда қанша бұлақ көздері сақталып қалды деген дерек жоқтың қасы. Дегенмен, олардың азайып бара жатқаны бізге белгілі болып отырған жағдай.
Мұздық тауларда бұлақ суының температурасы 0 градустан аспайды, Ал сөне қоймаған жанартаулы аймақтарда оның температурасы 100 градусқа дейін жетеді және одан да жоғары болады. Гейзер деп аталатын ыстық бұлақтар Исландияда, Италияда, Жаңа Зеландияда, Ява аралдарында, Камчаткада кездеседі. Суы тұщы бұлақ елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, жер суаруға пайдаланылады. Минералдығы 1 г/л-ден астам жылы және ыстық бұлақ сулары санаторийлер мен емдеу орындарында әр түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Мұндай бұлақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулы өңірлерде жиі кездеседі.
Біле білген адамға бұлақтың пайдасы көп екенін ғалымдар айтып жүр. Өкініштісі, біз сол ұғымдарға әзірге бас ауыртып, бағалай алмай жүрген жайымыз бар. Қысқасы, бұлақ көрсек, көзін ашып үйренейікші...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста