«Бауыржан Момышұлы» фильмінің трейлері жарық көрді

«Бауыржан Момышұлы» фильмінің трейлері жарық көрді

Режиссер Ақан Сатаевтың «Бауыржан Момышұлы» атты тарихи сериалының ресми трейлері көрсетілді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлап отыр.
Төрт сериялы көркем фильм Александр Бектің «Волоколамское шоссе» кітабының негізінде түсірілген. Бұл жерде көрініс 1941 жылдың шілде айында әскери комиссариатта қызмет етіп жүрген аға лейтенант Бауыржан Момышұлының әскерге сұрануынан басталады. Сол кезде Алматыға аты аңызға айналған генерал-майор Панфилов келеді. Бауыржанмен жақын танысып-біліскен Панфилов өзінің батальондарының бірін оған сеніп тапсырады. Көп ұзамай-ақ дивизия майданға аттанады. Айта кетейік, мұның сценарийін Тимур Жақсылықов жазған. «Көрермендерге қызық болу үшін біз біршама қызықты эпизодтар қостық. Дегенмен фильмді барынша әділетті, шынайы етіп көрсетуге тырысып отырмыз. Бұл ретте Бауыржан Момышұлының немересі бізге көп көмектесті», – дейді режиссер Ақан Сатаев. Телефильмдегі басты рөлді көрермендерге аса таныла қоймаған, бірақ болашағынан үлкен үміт күттіретін, батыр атамызға ұқсайтын Еркебұлан Дайыров есімді актер сомдайды. Оның сүйік­тісінің рөлін Әсел Сағатова, генерал Панфиловты Виктор Ашанин, лейтенант Қасенов рөлін Саят Исембаев сомдаған. Түсірілім Талғарда, Қапша­ғайда, Алматы маңында, сондай-ақ Минскідегі «Беларусьфильм» киностудиясында өтеді. Көрермендер сериалды «Хабар» телеарнасынан 2013 жылдың 17-желтоқсанында көре алады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста