Қазақ жері – жерұйығым, Қазақ елі – қара орманым

BNEWS.KZ

Қазақстан халықтарының мызғымас достығы мен ынтымақтастығының символы ретінде ел намысын қорғап жүрген спортшыларымызды атап өтуге болады. Олар халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып, ынтымақтастығы мен бірлігін паш етіп келеді.
Төрткүл дүниеге қазақ елін танытып, еліміздің көк байрағын шетелдерде жел­біретіп, Әнұранын шарықтатып жүрген­дердің ішінде кіндік қаны тамған Отанын шексіз сүйетін патриоттар да бар. Солар­дың бірі ретінде боксшы Геннадий Голов­кинді айта аламыз. Жақында Қазақстан ха­лықтары Ассамблеясында дәл осы Гена: «менен ұлтың кім?» деп сұрағандарға бы­лай жауап беремін: «әкем – орыс, шешем – кәріс, ал мен – қазақпын» деп барша қазақ­стандықтарды риза қылды. Геннадий кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерін қай жерде, қай елде өткізсе де, үстінен қазақ­тың оюлы ала шапанын тастамайды, әрбір жеңісінен кейін көк байрағымызды жел­бі­ретіп, жеңісін туған еліне арнайтындығын мәлімдеп келеді.
22 наурыз күні конькимен жүгіру спор­тынан Сочиде өткен әлем чемпионатында Денис Кузин деген саңлағымыз 1000 метр­лік қашықтықта үздік шығып, алтын­мен апталды. Сонда оны жаттықтырып жүр­ген ресейлік маман Сергей Клевченя «бүгін Қазақстанда үлкен мереке – Нау­рыз, сондықтан Денис барын салды, басқа күні ол бұлай жүйткімес еді» деп, шетелдік­терді сүйсіндірді.
Әлем халқы Қазақстан спортшыларына Лондон Олимпиадасында да таңдана сүй­сінген. Олардың ерен жетістіктерінен гөрі ұлтына қарамай (қытай болсын, орыс бол­сын, басқа болсын), Қазақстанның Ән­ұра­нын тебірене қосыла шырқап, көз­дері­нен жас парлап аққанда таң-тамаша бол­ған. Ал олар «Алға, Қазақстан» деп, ұран тас­тағанда, «қазақша сөйледі» деп іліп әкеткен.
Біздің елде туып, қазақ топырағын «ту­ған жерім» деп жүрген ұлты басқа отан­дас­тарымыз тұрмақ, шетелден келген спорт­шыларымыз да «қазақ жері – жер­ұйы­ғым» деп жүр. Олардың көбі өз елде­рін­де ұлттық құрамаларының сапына ілік­пей, спортпен айналысуларына демеуші таппай, жағдайлары тығырыққа тірелген­де, қазақ жеріне келіп, бақтары ашылған. Өмірлері қайта жанданып, спорт әлемінде ерен жетістіктерге жетіп, халқымыздың ыс­тық қошеметіне бөленіп жүр. Бұл орай­да балуан қыз Гузель Манюрованы, биат­лон­шы Елена Хрусталеваны, Ресейден кел­ген бір топ теннисші қыз-жігіттерді атай аламыз. Егер олар өз елдерінде жүре бер­се, спорттық өмірлерінің не болары бұ­лың­ғыр еді. Тіпті өмірде өз орындарын таба алар ма еді? Ал біздің елде өздерінің сү­йікті істерімен айналысып жүр. Қазақ елі оларға барлық жағдайды жасап отыр. Тек еліміздің атын шығар, абыройын асқақтат.
Осындай спортшылардың кейбіреулері қазақ жерінде қалып, еңбек етіп жүр. Олар Қазақ еліне бауыр басып, туған жерлеріне кете алмай, «өлең төсегіне» айналған Ал­аш мемлекетінде қалды. Мұндай спорт­шы­лардың аттарын атап, түстерін түстер бол­сақ, Бақыт Ахметов, Елена Павлова, Юрий Мельниченко, Георгий Цурцумия сынды спортшыларымызды ілтипатпен атап өтуге болады. Өйткені олар мол тәжі­рибелерін қазақ спортына сіңіріп, бүгінде біздің елде еңбек етіп жүр.
Ол – ол ма? Біздің елге келіп бағы ашы­лып, теңін тауып, бала сүйіп отырған­дары қаншама? Елена Павлова қазақ волейбо­лы­ның көшін өрге сүйреумен қатар, біздің елде тұрмысқа шығып, сәби сүйіп отыр. Ал жақында еліміздің даңқын шарықтатқан ауыр атлеттер арасында бір отбасы шаңы­рақ көтерді. Лондон Олим­пиа­дасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, 2010 жылғы Азия ойындары­ның жеңім­пазы Майя Манеза қазақы дәс­түрмен ұзатылды. «Ұлы Жібек елінен» кел­ген ал­тын қызымыздың сүйген жары – осыдан бірер жыл бұрын Ресейден келген Вячес­лав Ершов.
Бұйыртса, қазақтың құтты топырағына келіп отау көтеріп жатқан ауыр атлеттер отбасы мұнымен шектелмеуі керек. Лон­дон Олимпиадасының чемпионы, екі дүр­кін әлем чемпионы, Азия және Азия ойын­дарының жеңімпазы Светлана Подобедо­ва мен Владимир Седов та биыл жазда заңды некеге отыруды жоспарлаған. Екеуі де – Ресейден келіп, бүгінде қазақтың на­мы­сын абыроймен қорғап жүрген зіл­теміршілер.
Ал футбол мен хоккейде біздің елге келіп, келісімшартпен ақша тауып жүрген легионерлер қаншама?! Келіп-кетіп жат­қан­дарында да есеп жоқ деуге болады. Бірақ солардың арасында да біздің елдің намысын қорғауға келісім беріп, қазақ халқына сый-құрметпен қарайтындары баршылық. Тіпті келісімшартының мерзімі тамамдалып, өз елдеріне кетіп қалған­да­рының арасында да қазақ халқының дар­қандығын өз елдеріне майын тамыза жыр­лап барып жүргендері көп. Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына тәнті болып, үлкенді сыйлайтын тәрбиесіне де мән бе­ріп, соны тамсана айтып жүргендерін ес­ти­міз. Украина және Беларусь елдерінен кел­ген футболшылар өз елдерінде қазақ­тың құрбан шалу рәсіміне қызыға қара­ғандарын тәптіштеп айтып жүр. Олардың көбісі «қазақ деген қонақжай халық, үйіне келген мейманынан ештеңе аямайды, өте дарқан ел» деп қазақ топырағында көрген жақсылықтарын ұмыта алмай, көпшілікке ризашылықпен жайып жүр.
Иә, «су ішкен құдығыңа түкірме» де­ген­дей, «Қазақ жері – жерұйығым, қазақ елі – қара орманым» деп жүрген ұлты бө­лек спортшыларымыз баршылық. Тек ол­ар­дың бәрі де болашақта қазақ спортына адал қызмет етсе дейміз. Қазақ «Ырыс алды – ынтымақ» дейді. Ендеше, ынтыма­ғымыз жарасып, спортымыз қарыштап дами берсін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста