Зекетті туысқандарға беруге бола ма?

Зекет – мал-мүлкі нисап мөлшеріне жетпеген мұқтаж кісілерге беріледі. Сондай-ақ, тіпті пақыр болса да зекетті беруге рұқсат етілмеген жағдайлар бар. Нақты айтқанда, зекетті өз ата-анамызға, жұбайымызға және балаларымыз бен немерелерімізге бере алмаймыз. Себебі, бұл кісілерге зекет емес, нәпақа берілуі тиіс, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі muslim.kz-ке сілтеме жасап.

Ал туған-ағайын туыстар, әпке-қарындастар және жоғарыда айтылғандардан басқа жақындар бұл санатқа кірмейді[1]. Егер бұлар мұқтаждардың қатарында болса, оларға зекет беруге рұқсат етіледі. Оған қоса бұл зекеттің сауабымен қатар туыстық қатынасты нығайтудың сауабы да беріледі. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл жайында:

 

 الصدقة على المسكين صدقة، وهي على ذي الرحم اثنتان؛ صدقة وصلة

 

«Қандай да бір міскінге садақа беру – бір садақа (есебінде). Ал оны тұған туысқа беру – екі садақа (есебінде): садақа беру әрі туыстық қатынасты нығайту»[2], – деген.

 

Имам Тахтауи: «Зекетті жақын туыстарға берген абзал. «Ан-Наһр» атты кітапта былай делінген: «Ең жақсысы зекетті мұқтаж болған туған ағайындарға, сосын олардың балаларына, одан кейін көкелеріне, содан соң нағашыларына, сосын басқа туыстарына, содан кейін көршілеріне беру»[3], – деген деректі келтіреді.

 

Демек, зекетті пақыр туған ағайындарға беру - дініміз құптайтын амалдарға жатады. Басқа мұқтаждардан қарағанда жағындардың орны ерекше әрі оларға берілетін қайр садақаның сауабы молырақ.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста