Заңсыз туылған бала Жәннатқа кірмейтіні рас па?

  • 27

Сұрақ: Төмендегі хабарламаларды қалай қиыстыруға болады:

1. لا يدخل الجنة ولد زنية

«Зинадан туған бала пейішке кірмейді».

2. وولد الزنية ليس عليهم من أوزار آبائهم وأمهاتهم شيء

«Зинадан туған бала ата-анасының күнәсі үшін жауапқа тартылмайды».

Жауабы:

Алла Тағаланың Исламдағы ең басты қағида жайлы сөзі айдан анық:

«Ешбір жүк көтеруші өзгенің жүгін көтермейді» [ешкім өзгенің күнәсін арқаламайды] («Нәджм» сүресі, 38)

Сіз келтірген екінші хадисті осы мәселедегі негізгі қағида деп түсіну қажет.

Бірінші хадиске келер болсақ, имам Тахауи (Алла оны рақымына бөлесін) «уәләду з-зина» (зина баласы) тіркесін сол күнәні жасаған адамға қатысты қолданылған деп түсіндіреді. Араб тілінде бір іс-әрекетті қайталай беретін адамды сол іс-әрекеттің «баласы» деп атайды. Мәселен, жолаушы адамды көп уақытын жолда өткізетіндігі себепті «ибну с-сабиль» - «жол баласы» деп атайды. (Шарху Мушкиль Асар, хадис 911-915)

Осылайша, имам Тахауидің түсіндіруіне сәйкес, хадистің дұрыс аудармасы мынадай болады:

«Жиі зина жасайтын адам Жәннатқа кірмейді».

Сондай-ақ, Сахих Ибн Хиббан, хадис 3383 қараңыз.

Ал, ең дұрысы Аллаға мәлім.
azan.kz 

Автор
Последние статьи автора
  • 332
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 474
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста