«Тфәй-тфәй» деп айту шариғатқа қайшы ма?

Ассаламу алейкум! Сізден өтініш мына сұракка жауап беріңізші! «Тфай-тфай, көз тимесін» деп жатады. «Тфай-тфай» деп айту шариғатта дұрыс па? Жәудір Дүйсенбекова
Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

«Тфәй-тфәй» деп қазақта көбіне көз өтпесін деген ұғымда айтып жатады. Мұндай әдетті шариғатқа қайшы деп кесіп айту қиын. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед (ғалейһиссәләм) дем салған уақытта кейде «сүф» деп (ән-нәфәс), ал кейде түкіріп дем салатын (әт-тәфл)[1]. Бұнымен қатар, түсінде шошыған кісіге сол жағына түкіріп «әғузуді» айтуды үйреткен хадисі де жоқ емес[2].

Ендеше, әлдебір кісі көзі тимесін деген мақсатта «тфәй-тфәй» деп жатса, күнә жасаған боп саналмайды деген ойдамын. Әйтсе де, ондай жағдайда хадисте көрсетілгендей «мәшәАлла» немесе «бәрәкәЛла» дегендігі абзалырақ. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

[1] Айша анамыз айтады: «Жанұясынан біреу сырқаттанып қалатын болса, Ол (с.а.у.) оған «Фалақ» пен «Нас» сүрелерін оқып «сүф» деп үшкіретін (ән-нәфәс)» («Сахих Мүслім» - Китабус сәләм. №2192 хадис).
Әзіреті Әли былай деген: «Алла елшісінің екі көзіме түкірген күннен бері (тәфәлә) көзім ауырмайтын болды» (Ахмәд ибн Ханбәл: Мүснәд - №566 хадис).
[2] Сахаба Әбу Қатада (р.а.) былай дейді: «Мен пайғамбарымыздың былай деп айтқанын естідім: «Жақсы түс – Алладан. Ал жаман түс – Шайтаннан. Кім түсінде жаман нәрсе көрген болса, сол жағына түкіріп (немесе сүфіріп), шайтанға қарсы Аллаға сыйынсын (әғузуді айтсын)...» («Сахих Мүслім» - Китабур ру*я. №2261).

Абдусамат Қасым 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста