ШАРИҒАТ АПИТЕРАПИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЕМДЕЛУГЕ НЕ ДЕЙДІ?

Апитерапия – адам денсаулығын жақсарту үшін бал араға шақтыру арқылы уымен емдейтін, сондай-ақ бал араларынан тікелей келетін өнімдерді қолданатын баламалы терапия түрі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі fatua.kz-ке сілтеме жасап.

Шариғатымыз адамзаттың болмысын, денсаулығын сақтауға аса мән береді. Ауырып, сырқаттанған жағдайда емделу жолдарын іздеуді міндеттейді. Ол туралы Усама ибн Шәриктен жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 

تداوَوا عبادَ اللَّهِ فإنَّ اللَّهَ سبحانَهُ لم يضع داءً إلَّا وضعَ معَهُ شفاءً إلَّا الْهرمَ

 

«Уа, Алланың құлдары! Емделіңдер, расында Алла Тағала кәріліктен басқа әрбір дертті шипасымен қоса жаратты»[1], - деген.

 

Абай атамыз: «Ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес» - дегеніндей, сырқаттанған жағдайда медицина мамандары мақұл көрген, бірақ дінге қайшы емес жолдармен емделуді шариғатымыз қажет деп санайды. Арнайы мамандар бал араға шақтырып, уымен емделу арқылы көптеген ауруларға ем екендігін айтуда. Сол себепті ғалымдар апитерапияны емделудің бір тәсілі ретінде қарастырып, оған рұқсат берген.  Фәтауә әл-Һиндияда: «Шипа беруші бір Алла екеніне илана отырып емделумен айналысудың оқасы жоқ. Өйткені Алла әрбір аурудың бір себебін жасаған»[2] - дейді.

 

Бұл тәсіл де сол себептердің бірі. Ал, енді шақтыру барысында бал арасының өліп қалатындығына келер болсақ, Абдулла ибн Аббас жеткізген хадисте:

 

إنَّ النبيَّ صلَّى اللهُ عليهِ وسلَّمَ نهى عن قتلِ أربعٍ من الدوابِّ: النملةِ، والنحلةِ، والهدهدِ، والصّردِ

 

«Расында Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт жәндікті өлтіруге тыйым салды. Олар: құмырсқа, ара, көкек, тағанақ (сорокопут)»[3] - деген риуаят келеді.

 

Ғалымдар бұны зияны тиетін болса ғана өлтіруге болады деп түсіндірген[4].

 

Яғни ермекке өлтіруге болмайды. Алайда оның уымен емделуге келсек, оған рұқсат берген[5].

 

Сондықтан апитерапия тәсілі арқылы, яғни ара уымен емделуге шариғи тұрғыдан рұқсат етіледі. Бірақ, мамандар сөздерінен аллергиялық кері әсер ететін де сәттер кездесетінін ескере отырып, бірінші кезекте оның өзіне пайда не зиянын анықтап алуға және сенімді дәрігердің кеңесіне жүгінуге кеңес береміз.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста