ШАЙТАННЫҢ САЙҚАЛДЫҒЫНАН АДАМНЫҢ ШАЙТАНДЫҒЫ ЖАМАН (Тәмсіл әңгіме)

Сонау өткен бір заманда, елге таяу тоғыз жолдың торабындағы бір үңгірді соқыр мен ақсақ мекендепті. Соқыр су қараңғы,ал ақсақ аттап баса алмастың өзі болғандықтан ,соқыр ақсақты көтеріп, оның жол нұсқауында ауыл аралап, қайыр садақа сұрап жүреді екен. Бұларды баста кім табыстырғанын ешкім білмейді,сол өңірдегі ел Бұларды өстіп жаратып табыстырған Алланың құдіреті – десті. Сан жылдың сырын бойыны бүгіп, өзара сырлас, бірімен-бірі мұңдас етіп, үңгірін күн ысығанда сая, тоңғанда пана етіп, күн кешіріп келе жатқан осы екі ғаріпке бір күні шайтан жолығыпты.Мұндай достыққа өзегі өртенген шайтан азғыру арқылы екеуін ажырастырмақ болыпты. Бірақ тағдырдың өзі тоғыстырған мұндай достықты бөліп жіберу қиынға түсіпті. Қалай азғырсада шайтанның қара ниеті орындалмайды. Күйіктен күйзеліп, шаш-сақалы аппақ қудай ағарып, тағаты таусылып ол арадан тайып тұрады. Өстіп,діңкесі қатып келе жатқанда, өзінің көп жылдар бойы көріспеген адам шәкірті кезігіп қалады.

Ұстазының кейіпін көріп,көңілі күйзелген шәкірті:

-Ойбой, ұстазым, саған не болған?-дейді. Шайтан өзінің неше мың жылдық тарихында кездеспеген бұл жолғы сәтсіз ісін баяндайды.

-Осыны уайымдаудың қажеті шамалы емеспе, қаншалықты қулығың асқан алаяқ болғаныңмен, адамның әлсіздігін біле алмағандықтан, бұл істі орындай алмапсың, мұның амалын табу қиын емес. Әуелі екеуміз өз қолымыздан келетінін істейік. Мен алдымен ел аралап: үңгірдегі екі мүсәпірге апарған тағамдардың аса көп болғандықтан олар жеп тауыса алмай, сасып шіріп қор болыпты.Сондықтан сол жарықтық тағамдар: егер пенделер біздің қадірімізді кетіріп, керексіз етсе, онда біз жаратқан Аллаға шағым айтамыз- депті.

Тағамдар расында Аллаға шағым айтар болса,онда Алла бізді жазалайды,-дейін. Сол себепті,енді бірталайға дейін еш қайсың ол екі мүсәпірге ештеңе апарып бермеңдер,-деп айтып шығыйын,бұл менің істей алатын амалым. Ал адамдардың түсіне кіру сенің қолыңнан келеді. Сен елдің түсіне кіріп, есін екеу, түсін төртеу қыл, көңілін бұз,-дейді адам шәкірті.

-Бұл азғана уақыттық шара ғой, бәрі бір азығы таусылған соң, олар бірін-бірі көтеріп ел аралайды. Ел бұл мүсәпірлерді және де жарылқайды. Сонда бұл жұмыстан ешқандай нәтиже шықпайды,-дейді шайтан.

-Үндеме, жұмыс орындалған соң олардың ойран болғанын өз көзіңмен көресің,-деп адам шайтан айласын айтады.Екі шайтанның алғашқы байқағаны шынында сәтті болады. Ел үңгірдегі екі мүсәпірге шапағат жасаудан тиылды. Елдің өздерін ескеріп азық әкеліп қайыр зекет беруінен үміт үзбесе де, уақыт өте келе олар аш қала бастайды. Қылп еткенді қия жібермей, бақылап жүрген екі шайтан бір күндері мүсәпір тұратын үңгірге келеді.

Адам шайтан сыртта тұрып зор дауыспен:

-Сендерге өмірде өздерің татып көрмеген, әлемде әрең кездесетін тәтті тағам келді. Қарындарың ашып қалған шығар,тезірек шығып алып жеңдер,-деп айқайлайды.

Бұл лебізді естігенде қуанышы қойнына симаған ақсақ шынтағымен жер тіреп, үңгір аузына әрең дегенде шығады.Екі шайтанның күткені –Соқырдың үңгірде қалып, ақсақтың сыртқа шығуы еді. Адам шайтан үңгір ішіде қалған соқырға естірте айғайлап:

-Мынаны өзің ал,-деп ақсақтың оң бетіне бір шапалақ ұрады, онан соң –мынаны досыңа бер, бұл біздің сізге аманат,-деп шапалақпен сол бетіне және бір осады да кетіп қалады. Өмірде мұндай соққыны көрмеген ақсақ ашудан қыстығып, жылап жібере жаздайды. Шынтағымен сүйретіле соқырдың қасына барып сөйлей алмай тұтығып қалады. Оның келуін асыға тосып отырған соқыр:

-Неге үндемейсің әлгілердің әкелгенінен бермейсің бе?-дейді.

-Ештеңе берген жоқ,Бұл жолғы келгендер барып тұрған ант ұрғандар екен. Мынаны өзің ал,мынаны досыңа бер,деп екі бетіме екі шапалақ ұрды да кетіп қалды,-дейді ақсақ жыламсырап.

-Неге үйтеді? Тым болмағанда, бір ұрттам бірдеңе берген шығар, мынаны досыңа бер-деп жатыр еді ғой,-дейді соқыр.

-Мен не айтып отырмын!-дейді ақсақ булығып. Соқыр жұмған аузын ашпайды. Бұның үндемей қалуы сенгендігі емес, қайта тұла бойы тітіркеп, ашуы алқымына тығылып қалғаны еді.

-Аманатқа қиянат қылмас болар,-дейді соқыр сүт пісірім уақыт өткен соң. Соқырдың бұл сөзінің мәні тереңде еді. Ол бастапқыда әйтеуір қарным тоқ, киімім жылы болса болды деген оймен ақсақты екі аяғын жерге тигізбей көтеріп жүре брген. Бірақ, уақыт өте келе осы қандай екен деген күдік кейде оның көкірегіне инедей қадалып қалатын. Әсіресе дәмсіз тағамдар жеген күндері осының жегені қандай?,- деп ол шаншу одан ары жанына батып, әзер дегенде айығатын еді. Ал ашығып қалған күндері осы ақсақ, маған білдірмей, өзіне өмірлік азық жинап жүр ме? Күндердің бірінде мені тастап ,бір жаққа кетіп қалама?деген күмәні күшейіп, жанжалдасудың аз алдында тоқтаушы еді.

Міне, енді тағыда өрт шығайын деді. Бұлардың әлгі әрекетін аңдап тұрған екі шайтанның езуі қуанғаннан құлақтарына жетеді.

-Саған істеген сонша жылдық адалдығыма енді міне, бір күнгідей болмады-ау,-дейді тағыда сенімсіздікке жаны күйген ақсақ одан ары не дерін білмей, көзінен жасы төгіліп:

-Күмән иманды қашырады деген осы екен-ау!-деп қамығады. Аштықтан әлсіреп, тынысы тырылып отырғын соқыр шұбыртып сөйлей бастайды:

-Нәрлісін өзің жеп, дәмсіздерін маған берген адалдығыңды білем, көзім соқыр болғанымен, көкірегім ояу, құлағым сау, әзіргіні жасырғаның ашкөздік қой,-дейді.

-Не жасырып тұрыппын!-дейді ақсақ.

-Өміріңде татып көрмеген, әлемде әрең кездесетін дәмді тағам әкелдім,-деді ғой жаңа ғана тамақ әкелген адам,-дейді соқыр.

-Саған не десемде жақпадым,менің адалдығым болмаса,сүйегің баяғыда қурап қалар еді,-дейді ақсақ.

-Табаныңды жерге тигізбей арқаламасам, аттап баса алмастың өзі едің ғой. Көп керісті қойып, өз несібемді өзіме бер, ендігі сөзіңді тыңдамаймын,-дейді соқыр.

-Мен нұсқамасам сен қайтіп бірер нәрсе тауып жер едің, ендеше сыбағаңды берейін,-дейді ақсақ.

-Берсең тезірек бер!-дейді соқыр.

-Онда бері таман кел,міне былай,мына жерге,-деп ақсақ бар парменімен соқырдың бетіне шапалақпен тартып жібереді.Сөйтіп екеуі алыса кетеді. Егер бұларды мүсіркеу үшін келген адамдар болмаса ақсақ байғұстың сол жолда- ақ дымы бітіп, бақи дүниеге сапар шегуі хақ еді. Осыдан кейін ол екеуі татуласпайды. Ауыл ақсақалдарымен көзі ашық азаматтары түрлі тәсілдермен ұзақ уақытқа дейін кеңес береді. Тіпті кейінгі тағдырларының қалай боларын баяндайды. Бірақ олар ақылға көнбейді. Шынтағымен жер тіреп сүйретіліп, кейде домалап ақсақ басқа өңірге кетеді. Соқыр сол үңгірде қалады. Ақылын алмаған соң, ел-жұрт та оларды мүсіркеуін доғарады. Көп ұзамай екеуі үңгірде аянышты түрде жарық дүниемен мәңгілік қоштасады.
Шайтанның сайқалдығынан адамның шайтандығы жаман- деген сөз осыдын қалған екен.

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста