Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «... Ол (Рамазан айы) сабыр айы. Сабырдың сыйы – жұмақ. Жәрдемдесу айы. Мүміндердің ризығы көбейген ай». («Кәнз ул-Уммал»), - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі mazhab.kz-ке сілтеме жасап.
Рамазан сөзінің кейбір мағыналары төмендегідей:
1 – Жаз маусымының аяғында, күз маусымының басында жауып жер бетін шаң-тозаңнан тазалайтын жаңбыр мағынасында. Бұл жаңбыр жер бетін жуғаны сияқты Рамазан айы да имандылардың күнәларын жуып, жүректерін тазалайтындықтан осы ат берілген.
2 – Ыстық жерде жалаң аяқ жүріп күю деген мағынада. Басына «Шәһр» (ай) сөзі қосылып; «Шәһрі Рамазан» - деп осы айға ат берілген. Өйткені бұл айда аштық пен шөлдің қиындығынан адам қиналады. Осылайша оразаның ыстығымен күнәлар жанады.
3 – Рамазан аты «Әсмә-Хуснадан» саналса, Рамазан айы осымен аталған және мұнда Иләһи рақыммен күнәлардың кешірілуі көзделген. Осы мағына арқылы ораза айы «Алланың айы» болған.
Қысқасы Рамазан сөзінің бұл қасиетті айға ат ретінде берілуінде сөздік мағынасы тазалану, жану, өткірлік мағыналарының әсері болғаны сияқты діни тараптан да күнәлардың жануы және Аллаға қосылған мағыналары осы аттың берілуіне себеп болған. Бір хадис шәріпте: «Әуелі рақым, ортасы кешірім, соңы тозақтан құтылу» делінген Рамазан айының қасиетті түнінде Құран Кәрім түсе бастаған.