Тарихта Рабиға ханым (718-801) деген әулие өткен. Ол Ирактың Басра қаласында дүниеге келген Қайс тайпасының қызы. Оның ерте өмірінің басым бөлігін сопы және ақын Фарид әд-Дин Аттар баяндаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Тақуадар Аттардың айтуынша, Рабия дүниеге келгенде әке-шешесі кедей болғаны сонша, үйде шырақ жағатын май, тіпті жаңа туған Рабиғаны құндақтайтын шүберек болмаған.
Анасы күйеуінен көршісінен май сұрап келуін өтінеді. Бірақ, Рабиғаның әкесі өзіне Құдайдан басқа ешкімнен зат сұрамауға уәде берген болатын. Сол үшін ол көршінің есігіне барғандай кейіп танытып, үйге құр алақан оралады.
Түнде түсінде Мұхаммед [с.ғ.с.] пайғамбарды көреді, ол оған:
«Жаңа туған қызың – Раббыңның сүйіктісі болады, ол көптеген мұсылмандар үшін үлгі болады. Ертең Басраның әкіміне хат апарып бер. Хатқа былай деп жазғайсың: «Сен ардақты Пайғамбарға әр түнде жүз рет және әр бейсенбі кешке төрт жүз рет салауат айтасың. Алайда өткен бейсенбіде әдетіңнен жаңылдың. Сол үшін айып төлейсің. Төрт жүз динарды айыппұл ретінде хаттың иесіне бересің».
Рабиға көп құлшылық етіп, өмірін Құдайға арнаған жан. Ол сол далаға кетіп, аскеттік өмірді таңдайды. Суфизмдегі «Ишқ әл-Хақиқи» [Құдайға шынайы ғашықтық] тұжырымын өмірде іске асырған жан. Құдайға сүйіспеншілігінің арқасында Ислам тарихындағы ең танымал әрі ықпалды әйелге айналды.
Рабиға ханым өзінің асқан ізгілік және тақуалығымен танылып халық арасында «әулие әйелдердің ханшайымы» атанған.
Рабиға есімі араб тілінде «көктем» деген мағынаны да береді. Халық оны жақсы көргендіктен жаңадан туған қыздарының атын ырымдап «Рабиға» қоя бастаған.
Осылайша әулие ханымның есімі барлық мұсылман халықтарының арасына тарап кетеді.