Қазақстанда табыт жасау бағасы 6%, ал жерлеу қызметі 4% қымбаттаған.
2018 жылдың ақпан айында орташа есеппен табыт бағасы 14,8 мың теңге болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5% қымбат. Астанада мемлекет бойынша табыт бағасы өзге қалалардан әлдеқайда қымбат. Елордамызда бір табыттың орташа бағасы — 30,1 мың теңге. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 4,3% қымбат.
Атырау қаласында табыт бағасы – 22,9 мың теңге болса, Көкшетауда 18,2 мың теңге. Павлодарда табыт бағасы екі есе қымбаттаған. 2017 жылы 11 мың теңге болса, биыл 17 мыңға жетіп отыр.
Сондай-ақ, жерлеу қызметі де қымбаттап отыр. Аталған қызмет түрінің бағасы 3,7% өсіп, 21 мың теңге болды. Ақтөбеде — 41,2 мың, Көкшетауда — 39,7 мың, ал Қарағандыда — 38 мың.
Павлодарда жерлеу қызметі — 32,5%, Петропавлда — 27,4% қымбаттаса, ал Семейде керісінше 3,6% арзандаған.
Қазақстанда табыт бағасы 6 пайызға қымбаттады
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора