Қазір жас қыздар мәһірге iPhone13 сұрайды. Ол бес жылдан кейін кірпіш болады, лақтырып тастайсың.
Қазір жас жұбайлар мешітте неке қияды, келіншектер жұбайынан мәһір сұрайды. Мәһір — әйелдің неке қияр алдында күйеуінен талап ететін ақысы. Ал имам Нұрлан Бекжігітұлы қазақта мәһір болмағанын айтады, деп хабарлайды Экспресс К.
Имам TikTok әлеуметтік желісінде мәһірге қатысты видео жариялады. Оның айтуынша, кейбір жастар мәһірдің мәнін түсінбей жүр. Көпшілігі тіпті дінімізде дәрет қалай алынатынын, дәретті не бұзатынын білмейді. Бірақ екі нәрсені, яғни біреуі истихара, екіншісі мәһірді жаттап алған.
Ата-бабамызда неге мәһір деген сөз болмаған? Солар сауатсыз ба? Құнанбай атамыз мәһір берді деген кітапта бар ма? Абай атамыз Ділдәға үйленгенде мәһір берді деген бар ма? Әбілқайыр хан атамыз Күнімжан апамызға мәһір берді ма? Неге мәһір деген сөз жоқ, —дейді имам.
Имамның айтуынша қазақта қалыңдық, әке күші, ана сүті деген бар. Осының барлығы қызға арналған. Қызға күнделікті тұтынатын заттар, киім, жиһаз және өзге де дүние-мүлік беріледі.
Қазір жас қыздар мәһірге iPhone13 сұрайды. Ол бес жылдан кейін кірпіш болады, лақтырып тастайсың. Қазір жаһандану заманында прогресс күшті жүріп жатыр. Бес жыл бұрынғы нәрсеге күлесіз, Сол сияқты мәһір деген — құндылық, көңіл, — дейді Нұрлан имам.
Имамның айтуынша ер адам мәһірге берген затын "қайда" деп сұрауға құқы жоқ. Сұраса мәһірдің үкімі бұзылады. Мәселен, қыздың ата-анасы болмай, қалың мал бермеді. Бірақ қыз шариғат бойынша болашақ жарынан мәһірге алқа сұрады. Енді ол келіншектің иелігінде. Оны келіншек біреуге сыйлай ма, анасы немесе енесіне бере ме, тіпті лақтырып тастай ма, яғни не істесе де өз еркінде.