Биылғы Қадір түнін уйықтамай, құлшылықпен өткізгім келеді. Менің сұрағым келгені, қасиетті Қадір түнінің сауабы қандай?
Майра, Теміртау қаласы
Қадір түні Рамазан айының ішіндегі, Құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аяти каримада: «Қадір түні мың айдан қайырлы» делінген. Құран кәрім Расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күндері және түндерінен іздеу керек. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Алла тағаланың алдында ең қадірлі түн – Қадір түні». «Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу Құран кәрімді хатым етуден де сауапты. Бұл түні қой сауымындай уақыт намаз оқу, ғибадат ету, бір ай барлық түнді ғибадатпен өткізгеннен де артық». «Қадір түнін сеніп және сауабын күтіп, ғибадатпен өткізген адамның Алла тағала өткен барлық күнәларын кешіреді». «Ғибадат үшін ең жақсы түн – Қадір түні. Ең қорқынышты түн – қабірде болатын түн. Ең жақсы түнде ең қорқынышты түн үшін дайындық жасаған адамға сүйіншілер болсын». Пайғамбарымыз Қадір түнінде «Аллаһумма иннәкә афуун кәримун тухиббул афуа фа’фу анни» дұғасын оқу керектігін білдірген. Мағынасы: «Ей Раббым! Сен әрине кешірімдісің. Кешіруді жақсы көресің, мені де кешір». Ата-бабаларымыз «Әр келгенді Қыдыр біл, әр түніңді Қадір біл» деген. Рамазанның барлық түнін ғибадатпен өткізсек, Қадір түніне кездескен боламыз. Бұл түнді ғибадатпен өткізу үшін қаза намаздар оқу керек, Құран кәрім оқу, дұға және тәубе ету керек, садақа беріп, бұлардың сауаптарын өлі-тірі барлық мұсылмандарға бағыштау (арнау) сауап іс болып табылады.
Қадір түнінің сауабы қандай?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора