Айлардың сұлтаны – Ораза айы болса, ал күндердің, тіпті түндердің түні – Қадір түні екені жиі айтылып жатады. Енді осы Қадір түнінің маңызы туралы айтып берсеңіздер...
Гүлфайруз, Шымкент қаласы
Қадір түні Рамазан айының ең құнды, ең қасиетті түні. Қадір түні тек осы үмбетке тиесілі. Басқа пайғамбарларға мұндай ізгілікті түн берілмеді. Хадис шәрифте: «Алла тағала Қадір түнін үмбетіме сыйлады, басқа үмбетке бермеді» делінген.
Расулуллаһқа өзінен бұрыңғы адамдардың өмірлерінің қандай болғандығы білдірілгенде, өз үмбетінің өмірлерінің қысқа екендігін көрді. Өмірлері ұзақ болған бұрыңғы үмбеттердің орындаған салих (жақсы) амалдарын өз үмбеті орындай алмайды деп ойланған кезінде, Алла тағала Оған мың айдан қадірлі болған Қадір түнін ихсан етті. Алла тағала «Қадір түні сенің үмметіңдікі» деп, хабибінің көңілін жайландырды.
Расулуллаһ алейһиссалам «Исраил ұрпақтарының пайғамбарларынан 80 жыл үздіксіз ғибадат еткендері болды» дегенінде, сахабалар таңырқап қалды. Жәбірейіл алейһиссалам келіп «Йа Расулаллаһ, үмбетің айтылған пайғамбарлардың (басқа жұмыстарының тысында) 80 жыл үздіксіз ғибадат еткендеріне таңырқап жатыр. Алла саған одан да жақсысын берді» деп «Қадір түні мың айдан да қайырлы» деген аятты оқыды.
Балиғатқа толғаннан кейін 50 жыл өмір сүрген адам, 50 рет Қадір түнін өткізеді. Бір түні 80 жылға татитын болса, 50Х80=4000 жыл болады. 4 мың жыл ғибадат еткендей сауапқа қауышады. Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Сауабын Алладан үміттеніп Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның өткен күнәлары кешіріледі». «Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды».
Қадір түнінің маңызы неде?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора