ОТЫЗ КҮНӘҢІЗДЕН АРЫЛТЫП, ҚАБІР АЗАБЫНАН ҚОРҒАЙТЫН СҮРЕ

Әл-Мүлк Құранның 67-ші сүресі,

 

Меккеде түскен.

 

Оның басқа да атаулары бар, мысалы Мунжия - "құтқарушы", Мани'а - "тыйым салушы" және т.б. Бір хадисте Әл-Мүлк сүресіндегі әрбір әріп үшін жерге бір періште түсіп, сол сүрені оқыған адам үшін кешірім сұрайтыны айтылған.

 

“Бір адам білместікпен бейіт жанынан шатыр құрды, байқаусызда біреудің Тәбаракәл ләзи бийәдиһил мулк сүресін оқып жатқанын естіп қалады. Сүрені оқып болғаннан кейін әлгі кісі Алла елшісіне (ﷺ)  келіп, сұрайды:

 

-       Ей, Алланың елшісі ()  ! Білместікпен бейіт жанынан шатыр тігіп қойып едім, қабір тұрғындарының біреуінің Тәбәрак сүресін оқығанын естідім.

 

Пайғамбар (ﷺ) былай деп жауап берді:- Әл-Мүлк сүресі – ұлы қорғаушы, ол адамды қорғап, қабірдегі азаптан құтқарады” (Тирмизи).

 

Хадисте Ибн Масғуд Пайғамбарымыздың (ﷺ): «Әл-Мүлк арғы дүниенің азаптарына тосқауыл болады» дегенін жеткізеді (Хаким).

 

Мұхаммед пайғамбар (ﷺ) : «Меніңқалауым осы сүренің, яғни Әл-Мүлктіңәрбір мүміннің жүрегінде болғанын қалаймын (яғни бұл сүрені әрбір мұсылман жатқа білуін меңзеп тұр)».

 

«Құранда 30 аяттық сүре бар. Ол сүреніңҚиямет күні араша түсуі адамды Тозақ отынан сақтап, Жәннатқа кіргізеді. Бұл – Әл-Мүлк сүресі».

 

«Кімде-кім Әл-Мүлк сүресін ұйқыға жатардан бұрын оқыса, 30 сауап жазылып, 30 күнәсі кешіріледі, дәрежесі 30 есе өседі. Алла Тағала  ол адамға бір періштені жібереді. Ол өзініңқанаттарын сол адамныңүстіне жайып, тұрғанға дейін оны барлық жамандықтан қорғайды».

 

«Марқұмды қабірге жатқызғаннан кейін азап періштелері оның аяқ жағынан келеді. Сонда аяқтары айтады: «Мұнда жол жоқ. Бұл адам түнде ұйқысынан тұрып, Әл-Мүлк сүресін оқыды». Періштелер басына келгенде, тілі айтады: «Сендер бұл жерге тиісе алмайсындар. Ол менімен бірге Әл-Мүлк сүресін оқыды».

 

Ибн Масғуд айтты: «Кімде-кім бұл сүрені әрбір түні оқыса, қабір азабынан құтылады».

 

Егер көзі ауырған адам бұл сүрені 3 күн қатарынан оқыса, көз ауруынан айығады.

 

Кімде-кім осы сүрені таң намазынан кейін оқуды әдетке айналдырса, Алла қалауымен шексіз мейірімі мен рахметіне бөленеді. Егер кімде-кім бейсенбіден жұмаға қараған түні түн ортасында ұйқыдан тұрып, дәрет алып, 2 рәкәәғаттан тұратын намаз оқып, оның бірінші рәкәәғатында Әл-Фәтихадан кейін Әл-Мүлк сүресінің 15 аятын оқып, ал екінші рәкәәғатында Әл-Фәтихадан кейін Әл-Мүлк сүресінің қалған 15 аятын оқып, намазын келесі салауатпен: “Мәнгі, Тірі, Жалғыз, Тәуелсіз, еш нәрсеге мұқтаж емес, бәрі оған мұқтаж болған! Мұхаммедке және оның ұрпақтарына Алланың салауаттары болсын! ”,- деп тәмамдап, өзінің тілектерінің орындалуы жайлы дұға етсе, Алланың қалауымен оның дұғалары қабыл болады.

 

Егер қиындық көріп жүрген әлдекім таң сәрісінде дәрет алып, бұл сүрені 21 рет оқыса, Алла Тағаланың қалауымен қиындықтан құтылады.  

 

Егер кімде-кім бұл сүрені оқуды әдетке айналдырса, тек бұл өмірде ғана емес, арғы өмірде де Алланың мейіріміне бөленеді, Тозақ отынан және өлім сәтінде шайтанның арам ойларынан қорған табады. 

 

 

(Islam-today.ru сайтынан алынды)

 

 

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста