Оразаның пайдасы

Дініміз Исламның бес парызының бірі – Рамазан айында ораза ұстау. Ораза Хз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға көшкеннен кейін 1,5 жылдан кейін Шағбан айында, Мәдина қаласында парыз етілген қасиетті, дара құлшылық. Дара деп ерекшелегенім, Алла Тағала оразаға қатысты берген ерекшелігіндей басқа парыз етілген құлшылық түрлеріне айрықша мән беріп, оразаның сауабын тек қана өзім берем деп айтпаған. Расында барлық жақсылықтың, құлшылықтардың сауабын беретін Алла, оған күмән жоқ. Алайда ораза үшін: «..Оның сауабын өзім берем» деп айрықша айтуы, ораза ұстаудың қаншалықты маңызды құлшылық екендігін аңғару қиын емес.

«(Құлшылық ниетімен) таң сәріден күн батқанша ішіп-жемнен, жыныстық қатынастан тыйылу» деген терминдік мағынасы бар оразаны ұстау әрбір балиғат жасына жеткен, ақылды, дені сау мұсылман ер және әйелге - парыз.

Себебі Жаратушы Жаббар Иеміз: «Ей иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгеніндей, ораза сендерге де парыз етілді, бәлкім сақтанарсыңдар. (Ораза ұстау арқылы тақуалыққа жетерсіңдер)», - деп бұйырған болатын.

Ал Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ислам бес негізден тұрады; Алланың жалғыз екендігіне және Мұахаммедтің (с.ғ.с) Алланың елшісі екендігіне күәлік ету, намаз оқу, зекет беру, ораза ұстау және шамасы келгендерге қажылыққа бару» деп әрбір мұсылманның міндетін, өмірге келгендегі басты жауапкершіліктерін үйретіп кеткен болатын.

Біз оразаны қандайда бір материалдық пайданы күтіп, немесе тек қана денсаулығымыздың жақсаруы үшін ұстамаймыз. Ең әуелі Алланың әмірі болғандығы үшін және Оның разылығына бөлену үшін ұстаймыз. Ораза осы ниетпен ұсталғанда ғана қабыл болмақ.

Алланың әрбір бұйрықтары мен тыйымдарында біз үшін түрлі жақсылықтар, пайдалардың бары анық. Ораза құлшылығының да пенделер үшін сан түрлі пайдалары, жақсылықтары бар. Ендігі кезекте оразаның адамға қандай жақсылықтары бар соған тоқталайық.

1. Ораза күнәлардан тазартады.
2. Ораза - мінез-құлқымызды көркейтетін «мектеп».
3. Ораза тойымсыз нәпсінің азғындауынан,жаманшылықтардан қорғайды.
Ораза - мейірімділікке, басқаның қамын ойлауға тәрбиелейтін рухани медресе.
5. Ораза сансыз нығметтердің қадірін сезінуді үйретеді.
6. Ораза сабырлы болуға тәрбиелейді.
7. Ораза - денсаулық кепілі.
Алла Тағала адамзатқа зиянды нәрселерді әмір етпейтіндігі бесенеден белгілі. Осыдан 14 ғасыр бұрын ардақты Пайғамбарымыз: «Ораза ұстаңдар, денсаулықтарың жақсы болады»деген болатын. Қазір тіпті мұсылман емес медицина саласының ғалымдары да осы бір ақиқатты мойындап, адамдарды ашығу жолдарымен емдеу үшін сан түрлі клиникалар ашуда. Бұл ораза ұстаудың қаншалықты денсаулыққа пайдалы екендігін көрсетеді. Ораза, яғни ашығу қант ауруына тосқауыл болып, қанның қоюлануының алдын алады. Ашығу арқылы жаңа жасушалар пайда болып, ескілері жойылады. т.б. Оразаның осы сияқты денсаулыққа көп пайдасын келтіруге болады.

Алайда, кейбір мұсылмандар өрескел қателікке барып, оразаны тек арықтау үшін немесе денсаулығым жақсарсын деп ұстауы дұрыс емес. Неге о бастан ниетіңізді түзеп, жалғыз Алланың разылы үшін, парыз болғандығы үшін деп ораза ұстамасқа. Сонда Алланың разылығын да алады, деннің саулығы да сақталады. Енді оразаның денсаулыққа негізгі 10 пайдасын айта кетсек.

1. Жасушалар жаңарып ескілері жойылады.

2. «Қант» ауруына тосқауыл болады.

3. Артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді.

4. Тері ауруларына пайдасы.

5. Тұз байлану аруына пайдасы.

6. Қан қоюлануың алдын алады.

7. Адам ағзаларын улы заттардан тазартады.

8. Ас қорыту жүйесі дем алады.

9. Жағымсыз тәуелділіктерден арылу.

10. Қан қысымын түсіру мен бас ауруына пайдасы.

Қандайда бір құлшылық болсын ниетке байланысты қабыл болады. Себебі хз. Пайғамбарымыз: «Амалдардың барлығы ниетке байланысты»,-деген хадисінде. Олай болса біздің осы қасиетті Рамазан айындағы жасалған құлшылығымызда ниетімізге байланысты мың құлшылыққа пара-пар болады екен. Ислам дінінің ішкі мазмұны алтын өзегі оның - рухани тәрбиесі. Кім қандай ғибадат жасамасын оны шын көңілмен, айнымас сеніммен жасауы тиіс. Ондай болмаған күнде біздің жасаған құлшылығымыздан еш пайда болмайтыны хақ. Бұл туралы Шәкәрім атамыз:

«Таспық сәлде, жайнамаз

Тастамайсың қыс пен жаз.

Жүрегін болса тайғақ саз,

Сопысынып қылма наз.»,- деп сыртқы бейнедегі құлшылықтың көз алдау екенін осылай тамаша суреттеп берген. Алла барша мұсылмандардың ғибадаттарын қабыл етіп, иман байлығын берсін. Әрбір жасаған құлшылығымызды Аллатың құзырында осындай биік дәрежеде орындауға ұмтылайық. Рамазан айы баршамызға құтты болсын. Алла әрбір отбасыға берекет бірлік берсін!

Арман Найма
(«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы) 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста