Ораза ұстау үшін дәрігерлерден рұқсат алу керек пе?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Соңғы кезде елімізде кейбір дәрігерлер «Ораза – адам денсаулығы үшін қауіпті» деп мәселе көтеріп жүр. Мысалы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас гастроэнтерологы Роза Бектаева: «Ораза кезіндегі ашығу адам ағзасының құрғауын туғызады. Ал ол өз кезегінде инсульт, инфаркт, тіпті, онкологиялық ауруларға әкеп соғады», - деп мәлім етті. Оның айтуынша, оразаның шарттары – таңның атысынан күннің батысына дейін ішіп-жемнен бас тарту – адам ағзасы үшін тым ауыр жүк. «Күні бойы сусын ішпеу – тым артық кету. Күні бойы тамақтанбай, түн болғанда ас ішу де медициналық тұрғыдан дұрыс емес», - дейді ол. Дәрігер, сонымен қатар, ауызашар беруді де сынады. Дәрігер ауызашарды тағам толы дастархан басындағы түнгі отырыс деп түсінеді екен. «Тамақтану режимнің осылайша күнде бұзылуы ас қорыту жүйесіне, жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесіне қатер төндіреді», - деді Роза Бектаева. Осы ретте біз «Ораза ұстау үшін дәрігерлерден рұқсат алу керек пе?» деген сауалды мамандар талқысына салып көрген едік...
Мұртаза БҰЛЫТАЙ: дінтанушы:
–Негізі дәрігерден кеңес алу артықтық етпейді деп есептеймін. Өйткені мынадай күннің ыстығында 18-19 сағат, тіпті кей аймақтарда 20 сағатқа дейін су мен тағамнан бас тарту оңай емес. Бірақ бізде мұсылмандар оразаның діни, рухани, тәрбиелік жағына көп мән береді де, денсаулықтарын ескермей жатады. Ал бұдан азаматтар денсаулығына зиян келтіріп алуы мүмкін. Әсіресе күн ыстық кезде егде жастағы адамдар, ауыр жұмыс істейтіндердің қан қысымы көтеріліп кетеді, тіпті есінен танып, мерт болып кеткен жағдайлар да болды. Бұл ретте айтарым, кез келген ғибадат, құлшылық адамға ауыртпалық салып, қауіп-қатер төндірмеуі керек. Сондықтан егер денсаулығында ақауы бар кісілер ораза ұстағысы келсе, дәрігерлерден кеңес алуы дұрыс деп есептеймін.
Мысалы Түркияда республикалық деңгейде хабар тарататын 50-ге тарта телеарналар бар. Олардың барлығында дерлік, рамазан айының алдында оразаға байланысты түрлі үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сәресінде қандай тамақтар жеу керек, ауыз ашарда қандай жеміс-жидектермен қоректену керек, осының барлығына қатысты арнайы мамандарды шақырып, тікелей эфирде бірнеше сағат бойы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Дәрігерлер, диетолог, т.б. мамандар организмге қажетті белогы көп, минерал-витамендерге бай жеміс-жидектерді атап, сонымен қоректенуге кеңес беріп жатады. Бұл бізге де өте қажет деп есептеймін. Жалпы денсаулығы нашар адамдар, қант ауруымен, асқазан ауруымен ауыратын адамдар ораза тұтардың алдында міндетті түрде дәрігерлермен ақылдасып, кеңесіп алғаны жөн. Себебі құлшылық денсаулыққа зиянын тигізбеуі тиіс.
Жангентхан АБЫЛАЙҰЛЫ, медицина ғылымының докторы, профессор:
–Алла Тағала адам баласына шамасы келмейтін жүкті ешқашан жүктемейді. Сондықтан өз-өзіңді азаптау мен қинау арқылы Алланың разылығы мен махаббатын іздеуге болмайды. Кейбіреулер амал қаншалықты қиын болса, соншалықты жақсырақ, әрі сауаптың мөлшері қиыншылықтың деңгейіне байланысты ұлғаяды деп ойлайды. Жоқ! Бұл түбегейлі қате сенім. Бұл ретте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Өз-өздеріңе қатысты қатал болмаңдар, әйтпесе Алла сендерге қатал болады!» деген хадисі бар. Өз-өзіңді азаптау мен қиыншылық көрсету – амалдың дұрыстығын білдірмейді. Шариғат амалдың қиындығына емес, оның дұрыстығы мен пайдасына қарайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Шын мәнінде, дін өте жеңіл, бірақ кімде-кім оны қиындата бастаса, дін оны жеңеді». Демек Алла адамның өзін азапқа салғанына мұқтаж емес. Оның үстіне науқас адамға ораза ұстамауға рұқсат берілген. Сондықтан ораза әркімге парыз болғанымен, денсаулықты күту де мұсылманның парызы болып есептеледі. Бірақ Оразаның асқазанға зиянды әсері жоқ. Дегенмен бір науқастың біраздан бері асқазаны ауырып жүрген болса, онда оның Рамазан айы кірерде дәрігерлердің тексерілуінен өткені дұрыс. Ал Оразаны ұстау-ұстамау дәрігердің қолында емес, ол әр адамның өз шешімі болуы тиіс. Енді оразаның пайдасы жөнінде айтатын болсақ, жалпы ауыз бекітіп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмді жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек. Оразаның пайдасы туралы Нобель сыйлығының иегері, Француз ғалымы, медицина ғылымының докторы Алексис Каррел былай дейді: «Белгілі бір уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушалардағы протеиндердің кимылын арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүрек біртұтастығын қорғау үшін жанын салады. Міне, осылайша ораза тканьдарымызды тазалап, өзгертіп отырады». Адамдағы шайтани әрі нәпсіқұмарлық сезімнің оянып қозуы жыныстық гормондардың әсер күші мен олардың мөлшеріне байланысты. Ораза әлгі түрдегі гормондардың қандағы мөлшерін азайтатындықтан ол адамдағы құмарлық сезімді басады.
Оңғар қажы ӨМІРБЕК, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы – «Иман» журналының бас редакторы:
–Негізі мүмкіндігі бар, денсаулығы жақсы адамдар үшін ауыз бекіту – парыз етілген. Ислам дінінде екіқабат әйелдерге, емізулі баласы бар аналарға, жалпы ауру адамдарға, жасы келген қарт кісілерге, тіпті жолаушыларға дейін оразада жеңілдік берілген. Науқас адамдар сырқатынан емделгеннен кейін оразаның қазасын өтеуіне болады. Сондықтан асыл дінімізде «Рамазан айында жаппай ауыз бекіту керек» деген талап жоқ. Енді дені сау, ақыл-есі дұрыс, кәмелет жасына жеткен мұсылмандарға ауыз бекіту – парыз. Біле білген адамға оразаның зиянынан пайдасы өте көп. Мысалы түнгі сағат 3-те ауыз бекітіледі. Содан 18-19 сағат ораза болып жүреміз. Ал түнгі үште ішкен тамағыңыз күндіз 13:00-ге дейін қорытылып кетеді. Бірақ организм үнемі қоректі қажет етіп отырады. Міне, осы кезде адамның организміндегі сау жасушалар ауру жасушаларды жей бастайды. Осылайша адам өзінің бүкіл ауру жасушаларынан құтылады. Сөйтіп 30 күннің ішінде адамның организмі түлеп, сау жасушалар ғана қалады. Бұл адамның денсаулығына өте пайдалы. Мұны әлем ғалымдары әлдеқашан дәлелдеп қойған. Тіпті бұл ретте Алланың: «Білсеңдер, ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы» деген аяты бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да: «Ораза ұстаңдар, дендерің сау болады» деген. Өйткені 11 ай бойы асқазанды қорытып келген ас қорыту жүйесі оразада демалады, тынығады. Одан кейін жақсы жұмыс істейтін болады. Тіпті Нобель сыйлығының иегері, әйгілі француз ғалымы, медицина ғылымының докторы Алексис Каррель мұсылман болмаса да ораза жайлы былай деген: «Ораза кезінде асқазанда жинақталып қалған қоректік заттар іске қосылады. Содан кейін оның орнына жаңалары келеді. Осылайша денеде жаңа жасушалар пайда болып, организм түлейде, жаңарады». Сондықтан оның адамға рухани ләззат беруі өз алдына, денсаулыққа да берер пайдасы өте мол. Өз басым оразада жәй күндері сезілмейтін рахат пен көңіл тоқтығын сезініп жүремін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста