Неке – шашылудың емес, кедейліктен құтылудың бір жолы

Әйел мен еркек о баста бір-бірі үшін жаратылған. Екеуі отбасылы болғанда ғана иман бүтінделіп, «киім» түгенделеді. Екі жан тыным тауып, бір-бірін Жәннатқа қарай сүйрей бастайды. Немесе алты алашқа танымал Абай ақын айтқандай:

Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,
Қоржаң, суық келеді кей сасық ми.
Ер ақылды, қатыны мінезді боп
Тату болса райыс, рақат үстіндегі үй.
Яғни, мына дүниеде де бақытқа кенеледі. Алла Тағала некеден кейін ризықты арттырады. Ал шайтан кедейшілікпен қорқытады.

Үйленуді кешіктірудің басты себебі
Қазақ қоғамында үйленіп, үй болуды қаржы мәселесіне байланысты кейінге ысырып қоюшылар қатары артпаса кеміген емес. Мұның себебін де шайтанның белсенділігімен түсіндіретін едік.
Соңғы уақыттағы зерттеулер нәтижесі үлкен жастағы адамдардың некесінің ұзаққа бармайтындығын дәлелдеп отыр. Себебі, мінез-құлқы қалыптасып қойған адамдардың бір-біріне үйренісуі қиын болып, арада ұрыс-керістер жиі болады. Әркім өзінің заңын орнатқысы келіп жүргенде, әйелдің қалай жүк жинай бастағаны білінбей қалады. Екінші жағынан, ерлі-зайыптылардың бірінің денсаулықтарының нашарлауы түсініспеушіліктер тудырады. Ал, ерте үйленген жігіт өзін зинадан сақтап, ұрпақ көбейту мүмкіндігіне ие болады. Мұны осыдан он төрт ғасырдан астам уақыт бұрын өмір сүрген Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шама-шарқы жететін үмбетіне ерте үйленуді бұйырды. Жастар қауымының үйленуді кейінгі қалдыруының басты себебі – жоғарыда айтқанымыздай, қалың мал, құдалық, баспана, күнделікті азық-түлікпен қаматамасыз ету сынды рәсімдерге кететін қаржы мәселесі. Асылында, үйленуге ниеттенген адамға Алла Тағаланың көмегі жетеді. (Тирмизи). Неке – шашылудың емес, кедейліктен құтылудың бір жолы.

«Некеден ризық күтіңдер!»
Бұл туралы бізге жеткен екі бірдей хадис бар:
«Әйелдерге үйленіңдер, ақиқатында, олар сендерге мүліктерімен келеді» (Баззар, Хаким).
«Некеден ризық күтіңдер» (Дәйләми).
Бұл өсиеттерді сахабалардың сөздері толықтыра түспек:
Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын) айтады: «Мені некенің жеткіліктілігіне үміттенбейтін адам таңғалдырады. Алла Тағала: «Әрі араларыңдағы некеге тұрмағандарды және құлдарың мен күндеріңнің түзулерің үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Алла оларды Өз кеңшілігімен байытады. Алла – мейірімді Кең, бәрін Білуші» деп айтты емес пе?» («Нұр» сүресі, 32-аят).
Ибн Масғұдтан (оған Алла разы болсын): «Некеден ризық-несібе күтіңіздер, себебі Алла Тағала: «Әрі араларыңдағы некеге тұрмағандарды және құлдарың мен күндеріңнің түзулерің үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Алла оларды Өз кеңшілігімен байытады. Алла – мейірімді Кең, бәрін Білуші» деп айтты». («Нұр» сүресі, 32-аят).
Имам Къуртуби (оған Алланың рақымы болсын) жоғарыдағы аятқа байланысты: «Әйелдің немесе еркектің кедейлігіне байланысты үйленуді кейінге қалдырмаңыздар, егер, олар кедей болса Алла өз ризығымен байытады. Бұл уәде – Алла разылығы үшін үйленгісі келетіндер мен оның тыйымдарынан бас тартатындар үшін» деген екен.
Келесі бір ислам ғұламалары: «Құдіретті Алла некенің кедейліктен арылтатын жол екендігін хабарлады» немесе «Алла Тағала некеге отырғандарды Өз рақымымен асырайтындығына уәде береді. Мұсылман үйлену немесе отбасын кеңейту материалдық жағдайды нашарлатады деп жансақ ойламауы тиіс. Өйткені, Алла Тағала шаңырақ көтеруге шақырып, қажеттіліктер мен кедейліктен арылтатындығына уәде берді. Оның көркем есімдерінің бірі – Кең және Білуші. Оның рақымы мен ізгілігінде шек жоқ. Ол кімге рухани және материалдық байлық керек екенін жақсы біледі. Және әрбірін Өзінің білімімен және даналығымен қамтамасыз етеді» деген.

«Неке – тақуалықтың белгісі»
Себебі, неке – зинадан сақтанудың бірден-бір жолы. Ал зинадан Алла разылығы үшін бас тарту, Алланың бұйрығын орындау, қорқу – тақуалық.
«Кім Алладан (Оның тыйғандарынан) қорқып сақтанса, Ол оған шығатын жол жасайды. Әрі Ол оған ойламаған жақтан ризық береді. Ал, кім Аллаға жүгініп, Оған ісін тапсырса (тәуекел етсе), Ол оған жеткілікті. Ақиқатында, Алла – ісін соңына жеткізуші. Алла әрбір нәрсеге өлшем белгілеген».(«Талақ» сүресі, 2-3-аяттар) делінген.
Әс-Саади (оған Алланың рақымы болсын) келтірілген аятқа байланысты былай деген: «Алла тақуаларға тығырықтан шығудың жолын ғана жасап қоймай, ойламаған жерден ризық жібереді. Кім Аллаға тәуекел етсе, рухани және дүниелік істерде Алланың қамқорлығы жеткілікті. Сондықтан да, иман келтіруші үнемі Аллаға тәуекел етіп, Оның қолдауынан, зияннан сақтайтындығынан үміт етуі керек. Расында да, егер адам Аллаға тәуекел етсе, Ол оның барлық істерін ең жақсы жолмен жайғастырады. Басқаша қалай болсын, адам Алланы Өз құлына басқалардан ең жақын екенін біліп, ең бай, қуатты, күшті және мейірімді Қамқоршы ретінде танымай ма?».

Некенің жемісі – бала
Отбасында баланың дүниеге келуі – некенің жемісі. Және осы үшін Алла Тағаладан шаңыраққа ризық жетеді. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Орталарындағы әлсіздің арқасында сендерге көмек көрсетіліп, қажеттіліктерің берілмей ме?» деген екен (Бұхари). Ал келесі бір хадисте: «Егер сендерге риза болғанымды қаласаңдар, әлсіздерге көмектесіңдер, себебі, сендерге араларыңдағы әлсіздер үшін көмек көрсетіліп, тұрмыстарыңа қажеттіліктер беріледі» делінген. (Тирмизи, Әбу Дәуіт).
Тәуекел – иманның тазалығы мен күшін сипаттайтын жүрек амалдарының ең маңыздысы. Ал дұға – мұсылманның қаруы. Ендеше, тәуекеліміз тәртібімен, дұғамыз дұрысымен болсын. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сіздердің әрбіріңіздің дұғаңызға жауап болады, егер ол асығып және: «Мен дұға жасадым, бірақ жауап болмады» деп айтпаса» деген. (Бұхари).

asylarna.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста