Наурызда ізгі амал жасауға ұмтылайық...

Наурызды қазақ халқы атам заманнан барлық жаңашылдық­тың басталатын күні ретінде есептеген. Қыстан шыққан егіншілер мол өнім алу ниетімен егін егуге кіріскен, малшылар қойларын қырқып, жылқы­ларына таңба басып, табынға қосқан. Жалпы дәстүр бойынша, Наурыз мейрамын көшет немесе гүл отырғызудан, арықтарға су жіберуден бастаған. Бүгінде аталмыш мейрамды тойлау тұсы сақталғанымен, ізгі амалдар жасау жағы ұмытылып бара жатқандай.

Қазақстанда Наурыз мемлекеттік мей­рам ретінде үш күн бойы аталып өтіледі. Осы үш күннің бір күнін пайдалы істер жасауға арнаса артық болмас еді. Мысалы, бұрын асар жасау жақсы жолға қойылған-ды. Жағдайы төмен адамдарға асарлатып там соғып берген. Кедей-кепшік бүгінгі қоғамда да жоқ емес, демек, соларға қол ұшы берілсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Лениннің туған күнінде өткізіліп жүрген сенбілік бұрынғы қазақтарда Наурызда өтетін. Арықтар тазаланып, ағаш көшеттері отырғызылатын, гүл егілетін. Кейбір шығыс халықтарында бұл күн әлі күнге дейін су немесе гүл мейрамы деп аталады. Ағаш егу кейбір ауылдарда жүргізілгенімен, жап­пай қолға алынбай келеді. Бұл игі амал арқылы елімізді көгалдандыру ісіне зор үлес қосуға болар еді.
Көктем шыға елімізде су тасқыны бо­лып, еріген қар сай-салаға кетіп, халық­ты мазалауда. Мамандар мұны көше бойын­дағы су ағатын арықтар, жолдардың асты­мен өтетін суағарлардың мерзімінде таза­лан­бауынан көреді. Егер су ағатын арықтар дер кезінде қардан, күл-қоқыстан аршыл­ғанда, су жан-жаққа жайылмай, өз жолы­мен ағар еді. Демек, Наурыздың бір күні арқылы зардабы бәленбай айға жетер­лік апаттың алдын алуға болады екен.

Сапарғали Жолаушин, ардагер ұстаз:

– Ертеректе Наурыз мейрамы тек тойлау ғана емес, көптеген пайдалы іс-шара­лармен өткізіледі екен. Мұның бәрін ұмыт­тырған Кеңес өкіметі ғой. Наурызды жоюға тырысты, біздің бала кезімізде кейбір ауыл­дарда аталып өтетін, онда да арақ ішуден арыға бара қоймайтын. Сон­дықтан Нау­рыз­да жасалатын игі амалдарды жаңғырту қажет. Ұрсысып қалған адам­дарды татуластыру деген – өте жақсы дәс­түр. Ренжісіп қалып, кешірім сұраудың ретін таппай жүргендер қаншама?!.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста