Хасан әл-Басри бір жолы өзінің үш шәкіртіне:
«Пәленше деген адамға барып көмек беріңдер, ол кісі менен жәрдем сұрады. Жолда Бишр Хафиге де айтыңдар, ол да барсын», – деп тапсырады.
Шәкірттер ұстаз алдынан шыққан соң, Бишр Хафидың үйіне барады. Үйіндегілер ол мешітте екенін айтады. Олар мешітке барса, ол иғтикафта (мешітте оңашалану) екен.
Бишр Хафи:
«Мен иғтикафтамын, соған ниет еттім» деп жауап береді.
Шәкірттер ұстаздың алдына қайта барып:
«Ұстаз, Бишр Хафи иғтикафта екен. Біз өзіміз бара берейік пе?» деп сұрайды.
Сонда Хасан әл-Басри:
«Жоқ, Бишрге адамдарға жасалған көмектің сауабы нәпіл құлшылықтан артық деп айтыңдар» дейді.
Шәкірттер ұстаздың алдынан шығып, мешітке барып Бишр Хафиге ұстаздың сөзін жеткізеді.
Мәтінде:
«Бишр Хафи дереу иғтикафтан шығып, олармен бірге ұстаз айтқан адамға көмек беруге барды», – деп келеді.
Қарасаңыздар, адамдарды қуанту, оларға жәрдемші болу – нәпіл ғибадаттан да ұлық сауап екен.
Алла баршамызға сауапты амалды көп жасауға нәсіп етсін!
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz