Намаз оқып тұрғанда қазақша айтқан дұғамыз мазмұны жағынан Құранда айтылған дұғаларға ұқсас болып келсе, оның намазға зияны жоқ. Бұған қатысты ғалымдарымыз: "тек Алладан ғана сұралуы мүмкін нәрселерді сұрау Намазды бұзбайды" деген.
Осыған орай, «Я, Раббым, кешір» деп айтып қойған болсаңыз, Құран және хадистерде айтылған дұғалармен мазмұндас болғандықтан, оқыған намазыңыз дұрыс.