«Kaspі Red» қызметін пайдалануға бола ма?

І-сұрақ: Әссәләмуғалейкум! Сізден сұрайтын бір сұрағым бар еді. Қазіргі кезде киім сатып алуға «kaspi red» деген каспий банктің қызметі шықты. Сол арқылы алуға бола ма, болмай ма?
ІІ-сұрақ: «Каспи ред» - жалпы, бөліп төлеу. Бөліп төлеу үкімі негізі бар ғой. Бірақ, каспий редте уақтылы төлесең ешқандай айыппұл немесе пайыз төлемейсіз. Ал, егер, уақытынан кешіктірер болсаңыз 2000 тг айыппұл бар. Бұның үкімі қандай болады? Азизбек.
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, «kaspi red» қызметі қарызға ақша беруге көбірек ұқсайды[1]. Осы жөнінен қарағанда, аталған қызметтің шариғатқа келіңкіремейтін тұстарын байқауға болады. Соның бірі - берілген қарыз ақшаны уақтылы төлемегені үшін тағылатын айыппұл. Мұндай айыппұл шариғатта өсім болып есептелінеді. Мұнда ғалымдар арасында талас жоқ. Бұл жәйында Халықаралық Фиқһ академиясы былай деген:

"Кредиттік төлем карталарын шығару және оларды қолдануға рұқсат жоқ, егер онда пайыздық өсім алу қарастырылған болса. Тіпті, карта ұстаушы жеңілдік кезеңі ішінде (пеня өсірмей-ауд.) төлеп тастауға ниетті болса да (үкім осы-ауд.)".

Халықаралық Ислам фиқһ академиясы
10 мәжіліс. 2000 ж.
Тағы көзге батар қайшы тарапы, аталмыш клубқа ену - бірінші жылы тегін. Екінші жылдан бастап, таңдаған лимит бойынша бастапқы жарна төленеді. Мысалы, 50 мың теңгелік лимит үшін 5995 тенге жарна (взнос) төлеу шарт. Бұл жерде берілетін қарыз есебінен пайда көрушілік байқалады. Ал қағида бойынша: қарыз беруші берген қарызынан пайда көретін болса, онысы өсім (риба) болмақ.

Ендеше, діни тұрғыдан қарағанда, аса зәру жағдайда болмаса, жайшылықта дәл аталмыш қызмет түрін пайдаланбаған жөн.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

[1] Мұнда банктің несиегерлікпен (кредитор) қатар, өкілдік, басқалай айтқанда кепілгерлік рөлі де бар.

Абдусамат Қасым 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста