ДҮНИЕДЕ АДАМДАРДЫҢ КҮЙІ ҮШ ТҮРЛІ

Адамдардың дүниедегі күйінің бір түрі жан-жануарға, бір түрі періштелерге, ал бір түрі пайғамбарларға ұқсайтындығы жағынан үш түрлі болатындығы дінімізде баян болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Ілімнің ізгілігі (нәпіл) ғибадаттың ізгілігінен артық қайырлы. Сендердің діндегі ең қайырлы амалдарың – уәра (харам мен күмәндіден сақтану)”. (Хаким, әл-Мүстәдрак)

 

Адамдардың дүниедегі күйінің бір түрі жан-жануарға, бір түрі періштелерге, ал бір түрі пайғамбарларға ұқсайтындығы жағынан үш түрлі болатындығы дінімізде баян болған.

 

Біріншілерінің жұмысы мен талабы тек дүниелік өмір үшін болып, ақыретке тән амалдардан ғапыл. Дүниеде талаптанған нәпсәни нәрселерге қол жеткізеді. Ал бұлар келіп-кететін, өткінші нәрселер. Оларға тым құмартып ақырет жайынан ғапыл қалғандардың Жәннат пен Илаһи жамал нығметінен нәсіптері болмайды. Қияметте күнәға толы амал дәптері сол жағынан берілетіндер “Асхаб шимал” аталады.

 

Екінші топтағылардың жұмысы мен талабы ақырет нығметтері мен Жәннат дәреже үшін болып, дүниелік еңбегі қажетіне жеткілікті дәрежеде ғана. Олардың қиямет күні амал дәптерлері оң жағынан берілетіндіктен, “Асхаб йемин” аталады.

 

Ал үшінші топтағылар: Әулиелер болып бүкіл химметтері дүние мен ақырет мақамы үшін емес, тек Aлла Тағала үшін және Aллаға жағу үшін болғандықтан, олар “Mуқаррабун”аталады.

 

Әулиелердің қызметі Хақтың әмірімен жұртты Хақтың бірлігіне шақыру; ұлы ісімен үміткерлердің жүрегін дүнияуи іс пен рухани кемшіліктен арылтып, һидаят пен жақсылыққа жеткізу.

 

Шынында бір қоналқы жердей дүние әлемінде жолаушының байлығы тек дүние болса, табысы күнә мен өкініш. Байлығы бойұсыну мен ғибадат болса, оның табы жәннат болмақ. Әһлуллаһтың бар байлығы Алланы тану болғандықтан, оның табысы Илаһи жамалға жету. Ең қымбат қажеттілік пен мақсат та осы нығмет.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста