Дін адамды достық пен бірлікке шақырады

Туған Отанымыз Қазақстанда жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олар қазақ халқымен тығыз ынтымақта бола отырып, өздерінің ұстанған діні, сақталған салт-дәстүрлерін емін-еркін дамытып, заманға сай түрлендіре білуде. Әр халықтың бойындағы имандылықты, өзара түсіністік пен сыйластықты өркендетіп, дем беріп отыратын ұлы күш ұстанған дінінде екеніне дау жоқ. Өйткені, дін өзара достық пен бірлікке ғана шақырады. Ол бүкіл халықты біріктіріп ұстайтын қасиетті қорған. Оның ұлылығы әркімнің ұлтына, дініне қарамастан, адамгершілік, имандылық тәрбиелерін бірдей насихаттауында.
Кеңес үкіметі «Дін – апиын, адамның санасын улайтын надан ұғым» деп құлағымызға сіңіріп бақты. Сондықтан, өкінішке орай, алдыңғы буын діни тәрбиеден алшақ өстік. Көп асылдан қол үзіп қалдық. Діннің өсек-өтірік, ұрлық-қарлық сияқты жат қылықтардан сақтайтын тәрбие негіздері екендігін білмедік. Тек кейінгі жылдары, Аллаға шүкір, егемендігіміздің арқасында шынайы ақпаратқа қолымыз жеткелі көзіміз ашылып, етек-жеңімізді жия бастадық. «Ештен кеш жақсы» демей ме, келешегіміз жастардың сана-сезімін оятып, ғасыр дертіне айналып отырған түрлі кесапаттардан аман алып қалу үшін Ислам дінінің тәрбие бастауы екендігін насихаттау – әр мұсылманның парызы.
Қазіргі заманда үлкенді сыйлап, кішіге өнеге болуда діннің зор үлесі бар екендігін түсіндік. Шын жүрегімізбен түсінгенде ғана өзіміздің діни білімге зәру екендігімізді ұға бастадық. Ислам діні білімділікке үндейді. Білім, ғылым арқылы ғана Алланың құдіретінің шексіздігіне иландырады.
Дүниежүзінің атақты ғалымдары мен зерттеушілері Құранның ақиқат екендігін мойындап отыр. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде білім алу үшін Қытайға да бару керектігі айтылады. Бүкіл әлем үрке қарайтын Қытайдың өзінде Ислам дініне деген құрметтің айғағындай мынадай деректерді мысалға келтірсем, артық болмас деп ойлаймын. Мәселен, Қытай мемлекеттік Орталық теледидары елдегі мұсылман қауымын сыйлағандықтан, мұсылман үшін доңыздың харам саналатынын ескерген. Сондықтан, доңыз жылында доңызды дәріптейтін немесе оны еске түсіретін жарнамалық роликтерді көрсетуге қатаң тыйым салған. Исі мұсылманның діни сеніміне құрметпен қараған үлкен елдің бұл түсіністігіне қайран қалмасқа амалымыз жоқ.
Елбасымыз Н. Назарбаев: «Біз тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде дінге, халықтың имандылығына көңіл бөлдік. Адамның жүрегінде құдіретті күш Алла Тағалаға деген сенім болуы керек», – дейді. Қасиетті Ислам діні бейбітшілікті, ынтымақты уағыздайды. Еліміз көпұлтты, татулығы жарасқан мемлекет ретінде дүниежүзінде үлкен беделге ие болып отыр. Қазақ халқының меймандостық қасиетінің өзі имандылықтың бір көрінісі. Қанша ұлт, әртүрлі дін болғанымен, түп қазығы – бір, Жаратушы Жалғыз! Алла Тағаланың адамға берген асыл сыйы ол – өмір! Әр адам бақытты болу үшін жаралған, сол өмірді сүреді. Сондықтан, Алланың бергеніне шүкірлік етіп, өмірді тату-тәтті өткізгенге не жетсін!

Орынгүл Смағұл,
Жаңаөзен қалалық мешітінің баспасөз хатшысы Маңғыстау облысы

www.islam-orkeniet.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста