Бас Мүфти: Жазықсыз жапа шеккендер рухына құран бағыштау – перзенттік борышымыз

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматыда өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік және Ислам» республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді. 

 

«Есігімізден енген 2021 &ndash еліміз үшін ерекше жыл. Өйткені, Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осы ретте баршаңызды Алла Тағаланың халқымызға берген теңдессіз сыйы &ndash Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

 

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында: «Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тек мерейтой деп санауға болмайды.

 

Ең алдымен, бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек. 30 жылдыққа байланысты шаралар халыққа рухани серпіліс әкелуі қажет. Негізгі мақсатымыз &ndash азаматтардың, әсіресе жастардың бойына отаншылдық сезімін орнықтыру. Руханият саласындағы жұмыстың бірнеше бағыты бар. Ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың еңбегін насихаттау аса маңызды. Биылғы мерейлі жылға бірнеше атаулы дата тұспа-тұс келіп отыр. Жыр алыбы Жамбылдың &ndash 175, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың &ndash 155, күш атасы Қажымұқанның &ndash 150 жылдығы, тағы басқа бірнеше тарихи тұлғаның мерейтойы. Біз былтыр Абай мен Әл-Фарабидың мерейтойларын өте  мағыналы өткіздік. Олардың тұлғалық келбеті мен өмір жолы, еңбектері халыққа үлкен ой салды. Бұл тәжірибені алдағы уақытта да ұстанған жөн» деп атап өтті.

 

Мен осы ретте тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында елі мен жері үшін шыбын жанын құрбан еткен, жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшыраған дін қайраткерлерін де ақтауды ұсынамын. Президент айтқандай, «Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету &ndash баршамыздың перзенттік борышымыз» деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

Еске сала кетейік, жұқпалы індеттің алдын алу және карантиндік талаптарды сақтау мақсатында конференцияға қонақтар ZOOM арқылы онлайн қатысты.

 

 

 

muftyat.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста