БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР

 КӨЗ БЕН ТІЛ
Балам, көзің мен тіліңе абай бол. Ол екеуі бұзылса сенімің бұзылады. Сенімің бұзылса болашағың нұрлы болмайды.

ЖАҚСЫ СӨЗ
Балам, көп күлме, көп тыңда. Сөйтсең жақсы сөз жүрегіңе қонады. Жақсы сөзге мән берсең ол сені жақсылыққа бастайды.

ХАЛЫҚ – СҮТ, КӨСЕМ – ҰЙЫТҚЫ
Балам, ақыл біреуде, қайрат көпте болады. Сондықтан көп ақыл таппайды. Көп біреу тапқан ақылды қорытады. Халық – сүт, көсем – ұйытқы. Ұйытқы дұрыс болса сүт бауырдай боп ұйыйды. Дұрыс болмаса іркіттей боп іриді, соны біліп ал.

КӨСЕМСІМЕ
Балам, көсем көп болмайды. Көптік ғалымдықта ғана ұнамды. Көсемсігені көп болған елдің – болашағы бұлыңғыр болмақ.

ҚАЛАМ
Қалам – ұлық болған Аллаһтың он сегіз мың ғаламды жаратудан бұрын, ең алғашқы жаратқан кереметтерінің бірі. Сондықтан оны таза тұт.

«ЕРТЕҢ ДЕГЕН ЖОҚ»
Балам, бүгін істейтін ісіңді бүгін істеп бітір, ертеңге әсте қалдырушы болма. «Ертең деген жоқ» деген бір білгір. Жаны бар сөз. Менің өмірімдегі қателігім де, жеңілісім де осы болды.

СӨЙТ
Балам, еліңе елеулі, халқыңа қалаулы, ісіңе тыңғылықты да тындырымды азамат боламын десең – отырып істеуге дағдылан. Жұртыңа жыл құсындай анда-санда бір көрін. Жұртың сенің өзіңді емес, тындырған ісіңді көбірек көретін болсын. Өзіңді емес, ісіңді танысын. Ал көп жүріс таза көңілді бұзады, инабатыңды алады, уақытыңды өлтіреді.

ҮШЕУІН БІЛ ДЕ ҰШ
Балам, ненің нәпсі екенін, ненің ақыл екенін, ненің жүрек екенін біл. Нәпсіні білсең сақтанасың, ақылды білсең парасаттанасың, жүректі білсең кіршіксізденесің. Ал ол үшеуін бірдей біліп, ұстансаң кемелденесің.

Құл-Керім Елемес

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста