Атыраудың Бас имамы мешіт мүлкін сатып жатқаны рас па?

Атырау облысының бас имамы орталық мешіттің мүлкін сатып жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа сенсек, Атырау облысының бас мешіті саналатын — "Иманғали" мешітінің бас имамы, ҚМДБ Атырау облысындағы өкіл имамы Алтынбек Ұтысхан осы мешітке тиесілі Ford Mondeo, Toyota Prado, жолаушылар таситын "Газель" және жүк таситын көлікті сатып жіберген. Сондай-ақ молданың мешіт балансындағы пәтерлерде тұрмай, өзіне жаңа үй іздеп жатқаны хабарланады.

 

"Өңірге қысқа мерзімді іссапарға келген Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтың жүріс-тұрысына 15 миллион теңгеден астам шығын шыққан. Ол және оның қасына ертіп келген адамдары қымбат қонақүйде жатты, аста төк дастархан жайылды, "ішем дегені алдында, ішпейім дегені артында қалды". Мәртебелі қонақтарды шығарып саларда олардың сөмкесі қызыл балық, басқа да сый-сияпатқа лық толды, қонақ кәде жақсы жасалды. Бұл шығынның бәрі жергілікті кәсіпкерлерден жиналған қаржымен өтелді, — деп жазылған таралған ақпаратта.

 

"Иманғали" мешіті таралған ақпаратты жоққа шығарып, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жеке атына пәтер сатып алғалы жатқан жоқ, мешіт балансына қызметтік үй алу жоспарда бар екенін хабарлады.

 

facebook.com

 

"Көліктер техникалық тұрғыда апатты жағдайда болған. Бұл қаражаттар заңды түрде мешіттің кірісіне алынып, қызметкерлер жалақысы, мешіттің коммуналдық шығыны, баспана, мешітті бейнекамерамен жабдықтау жұмыстарына жұмсалды. Өткен жылы мешіт қызметкерлеріне 6 қызметтік үй берілді. Яғни, бұған дейін қайырымдылық мекемесі ретінде жұмыс істеп келген мекеме қайта жаңғыртылып, қызметтік пәтер ретінде қызметкерлерге қайта жасақталып берілді. Және орталық мешітті камерамен жабдықтау, монтаж жұмыстары жасалды. Сонымен бірге, мешітке өткен жылы "Lada Largus" қызметтік көлігі сатып алынды. Қазіргі таңда қызметтік көлік мешіттің қызметтік бағыттағы жұмыстарына пайдаланылып отыр, — деп мәлімдеді облыстық мешіттің баспасөз қызметі.

 

Мешіттің қайырымдылық бағытында жасап жатқан жұмыстарына да бірақ қаржы кеткен — мұқтаж жандарға 28 баспана беріліп, қайырымдылыққа 22 млн теңге жұмсалыпты.

 

Сондай-ақ мешіт балансындағы қызметтік үйлерде іс-сапарға келген имамдар мен ұстаздар тұрып жатыр.

 

"Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған діни делегацияның Атырауға сапары аясында ҚМДБ тарапынан қарапайым қонақ үй алу туралы тапсырма болған. Алайда, жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен делегацияның жол, жатын жері, тамақтануына кететін шығын демеушілік есебінен төленді. Бұл жерде қонақ үй иесінің делегацияны жатын жермен қамтамасыз ету қызметін қонақ үйдің ең төменгі құнымен ұсынғанын атап өткеніміз жөн, — дейді мешіттің баспасөз қызметіндегілер.

 

Делегацияның шығынына қатысты соманы да атады.

 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация құрамында 13 адам болды. Делегацияның жол жүру билет құнына және қонақ үйдегі жатын орынға 2 млн 400 мың теңге жұмсалды, – дейді мешіттің баспасөз қызметі.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста