«Таңғажайып таңғы азан... Сəресі - бал, Рамазан!
 
Жəннат бақтан жанымның дəмесі бар, Рамазан!»,
 
&ndash деп Қалқаман Сарин жырлағандай әркім Алланың үлкен сыйы &ndashЖәннаттан үмітті. Рамазан  хадисте айтылғандай: «Рамазан келгенде Жәннаттың қақпалары ашылады, Тозақтың қақпалары жабылады және шайтандар шынжырларға бұғауланатын» (әл-Бухари 1899, Муслим 1079) қасиетті ай. Сауаптар еселеніп, жәннат қақпалары айқара ашылатын осынау айдың қадірін білгендер ауыз кебірсіп, шөлдің қысқанына қарамай Алла разылығы үшін ішіп-жемнен тыйылып, нәпсісіне құрсау салады. Алла Тағала да құлының құлшылығын әсте жауапсыз қалдырмайды.
 
Алла елшісі (ﷺ):
 
"Кім Алла жолында екі жұп затын жұмсаса, ол Жәннәт қақпаларынан: «Я, Алланың құлы! Бұл &ndash игілік!», - деп шақырылады. Сондай-ақ кім намаз оқыған болса намаз қақпасы арқылы шақырылады. .... Ораза ұстаушылардан болған адам «Әр-Райян» қақпасы арқылы шақырылады...» (Бұхари, Муслим), &ndash деп сүйіншелеген.
 
Иә, қиямет күні шөліркеп аузын тамақтан, ғайбат, өсек-өтіріктен тыйған жандарға Алла қаласа «әр-Райян» қақпасы айқара ашылып: «...(Сол күні:) «Ораза ұстаушылар қайда?» &mdash деп айтылады, сонда олар алға шығады, және олардан басқа ол қақпадан ешкім өтпейді. Ал олар кіріп болған соң, ол қақпа жабылады да, одан басқа ешкім кірмейді» делінген. (әл-Бухари 1896, Муслим 1152). Алла Оразаларыңызды қабыл етіп, әр-Райяннан кіруді нәсіп етсін! Әмин!