АНАЛАРЫМЫЗ ЖАЙЛЫ 13 ХАДИС

Пайғамбарымыз (ﷺ ) сахабаларына:

&ndash Сендерге күнәлардың ең үлкені қайсы екенін ай­тайын ба? &ndash дегенде, сахабалар «Иә, бізге қайсысы екенін үйрет», &ndash деді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ ): «Аллаһқа серік қосу, ата-анаға қарсы шығу, нақақтан адам өлтіру, өтірік айту»

 

Әбу Хурайрадан (р.а.) "Мен Пайғамбардан (ﷺ )  : "Я, Расулуллаһ, жақсылықты алдымен кiмге iстеймiн?&rdquo, &ndash деп сұрағанымда, Ол (ﷺ ): "Анаңа!&rdquo, &ndash дедi. Одан кейiн ше? - Анаңа! Ал, одан кейiн ше? - Анаңа! Ал, одан кейiн ше? - Әкеңе. Әкеңнен кейiн жақындық дәрежесiне қарай туысқандарыңа. (Имам Бухари) 

 

«Жүкті әйелдің  екі ракат намазы жүкті емес бір әйелдің жетпіс ракат намазынан да қайырлы».

 

Бір сахаба Пайғамбарымыздан (ﷺ ) жиһад жасауға рұқсат сұраған кезде «Анаң тірі ме?» деп сұрады. Тірі екенін айтқан кезде: «Онда анаңның аяғына жармас. Жәннат - аналардың аяғының ас­тында», - деген. (Нисәи, Жиһад 6, (6,11)

 

«Жүкті әйелге күндізінде ауыз бекіткен, түндерінде құлшылық жасаған сауабы беріледі».

 

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (ﷺ ) «Адам баласының ата-анасына тіл тигізуі үлкен күнә», &ndash деді. (Бұхари, әдәб 4; Муслим, иман 146)

 

«Егер бала түнде оянып, анасы оны қарғамай емізсе, анасына бір жылдық намаз және ораза  сауабы беріледі»

 

Айша анамыз (р.а.): «Бірде үйіме қасында қаршадай екі қызы бар бір жарлы әйел келді. Оған үш тал құрма бердім. Ол құрманың екеуін екі қызына берді де, үшіншісін өзі жемек болды. Сөйтіп, әлгі құрманы аузына сала бергенде, екі сәбиі бірдей қолдарын созды. Сонда бейшара ана өзі жемекші болған жалғыз құрманы теңдей етіп екіге бөлді де, балаларына берді. Әлгі әйелдің аналық мейірімі мені тәнті етті де, болған жайды Расулаллаһқа (ﷺ ) айтып бердім. Сонда ол (ﷺ ): «Аллаһ тағала ол әйелге аналық мейірімі үшін жаннатты нәсіп етті, яки оны тозақ отынан құтқарды», &ndash деп айтты» &ndash делінген (Муслим, бир 148).

 

Бала сүттен шыққаннан кейін аспаннан періште  түсіріледі де баласын емізген әйелге былай айтады: «Аллаһ саған жәннатты уәжіп қылды».

 

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздан (ﷺ ): «Алла Тағала қандай істі анағұрлым жақсы көреді?» &ndash деп сұрадым. Ол: «Уақытылы оқылған намазды» &ndash деді. Мен тағы: «Одан кейін ше?» &ndash деп сұрағанымда: «Ата- ананы құрметтеуді», &ndash деген. (Бұхари,  әдәб 1; Муслим, иман 137)

 

 Жүкті әйел босанғаннан кейін Алла Тағала жетпіс жылдық  ораза және құлшылық сауабын жазады.

 

 Муғира ибн Шуғбадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (ﷺ ): «Алла Тағала аналарыңның тілін алмауды, бересіні өтеуден бас тартуды, өздеріңе тиесілі болмаған дүниеге қол сұғуды және қыз нәрестелеріңді тірідей көмуді харам қылды» (Бұхари, зәкәт 53; Муслим, ақдия 10)

 

Өз баласын емізген әйелге әр жұтым сүті үшін жеке-жеке сауап беріледі.

 

 

 

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста