Абдуллаһ ибн Мәс’уд (р.а.) былай:
Бкүні бір адам Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:
– Уа, Алланың Елшісі! Маған Жәннатқа жетелейтін бір амал үйретіңіз! – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған:
– Жақсылық жаса! – деді. Сонда әлгі адам:
– Жақсылық жасап жүрмін бе, жоқ әлде жамандық жасап жүрмін бе, оны қалай біле аламын? – деп сұрады. Бұған Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Көршілеріңе құлақ түр. Егер олар саған «жақсылық жасадың» десе, онда жақсылық жасағаның. Ал көршілерің «жамандық жасадың» десе, онда жамандық жасағаныңды түсіне бер! – деді (Ибн Мәжә, Зуһд 25; Ахмад бин Ханбал, Мүснәд, І, 402).