Әйел жүрегінің кілті (ерлерге кеңес)

«Алла жаратқан дүниенің тұтқасы – еркекте, кілті – әйелде, қызығы – балада, сыры – данада». Яғни, отбасы бақытының негізін қалаушы – ер азамат. Әйел – еркектің аманаты, сырының иесі, отының көзі. Әйел – көзінің қуанышы, тәнінің тыныштығы. Әйел – еркектің өзінен жаратылған. Жарын орынсыз қорлағаны – өзін қорлағаны, сыйлағаны – өзіне құрмет көрсеткені. Сондықтан да болар, жер бетіндегі миллиондаған мұсылмандардың ішіндегі ең жақсысы, ең пайдалысы – әйелімен жақсы қарым-қатынаста болғаны екен (хадис).
Әрине, әрбір есті керек Алла қосқан жарын шамасы жеткенше аялағысы, бақытты еткісі келеді. Алайда, кейде мұның дұрыс жолдарын, ұтымды әдістерін білмей жатамыз емес пе? Осындай  тығырықта өзіңізге жәрдем болсын деген ниетпен бүгінгі жазбамызды әзірлеген болатынбыз. Игілігіңізге ассын!
1. Ақ некені қидырып, бір-біріне «ауыр серт» берген ер мен әйел ең алғашқы күні-ақ, бір-бірінің ұнататын және ұнатпайтын нәрселеріне қанық болуы керек. Мейлі, ол әрекет болсын, мейлі ол жейтін тағам, мейлі иіс болсын... Осылайша ақ отауды кірлетпестен, бақытты өмір сүреміз деген ерлі-зайыпты бір-біріне ұнайтын нәрселерді ғана жасап, ұнатпайтындарынан тыйылуға тырысып бағады. Әйеліңізді ренжіткен жағдайда, дереу жақсы көретін істерін жасауға асығасыз...
2. Ешбір еркек өзінің сымбаттылығымен, білімімен, даналығымен, мінезімен отбасын ұстап қала алмайды. Араға махаббат пен мейірімді орнататын – Алла Тағала ғана. Сондықтан да, ең алдымен істі Аллаға тапсырып, әрдайым мына дұғаны оқу керек: «Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың (Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың) алды ете гөр!».(«Фұрқан» сүресі, 74-аят).
3. Отбасындағы үйлесімділікті сақтау – әйелдің табиғатын түсінуден басталады. Әйел затының жаратылысын түсінбеген еркек тұтқаны да дұрыс ұстай алмайды. Ердің отбасында басшы болуының сыры – əйеліне көркем мəміле жасай алуында жатыр. Ақыл, ой-пікірінің жетіктігінен және қиындықтарға төзімділігінен ер кісі отбасының басшысы болып табылады. Бұл əйелдердің ақылы кем деген сөзді білдірмейді, əрине. Алла Тағала Құранда:«Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Алла бірін-бірінен артық қылды... » деген. ("Ниса» сүресі, 34-аят). Ер адамға бұл жауапкершілік жүктелгендіктен, кездесетін кейбір қиындықтарға төзіп, кейбір кемшіліктерге көз жұмып, өзін сабырға үндеуі қажет болады. Ал, әйел заты, негізінде, табиғатынан бітім-болмысы әлсіз. Сезімге жақын жаратылыс. Егер ер адам əйел затын әрбір нәрсеге есеп ете берсе, əйел еш нәрсе істей алмай қалады. Ал оның қисықтығын түзету – оны сындырып алуға апарып соғады. Оны сындырып алу – онымен ажырасу. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: “Әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер. Өйткені олар қабырғадан жаратылған. Қабырғаның ең қисығы – ең жоғарыдағысы. Оны түзулеймін десеңіз, сындырып аласыз. Ал, қоя берсеңіз, қисық күйінде жалғаса береді. Сондықтан әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер”. (Бұхари және Муслим жеткізген)".
4. Ер адамнан 99 есе нәзік келетін қыз баласы әрдайым арқа сүйерге, қорғанға мұқтаж. «Яғни, әйел адамның табиғаты шырмауық гүлге ұқсайды. Шырмауық гүл жерде жатса жайылып, жапырақ жайғанымен, көркейіп көзге түсе қоймайды. Ал сүйеніп өсетін тіреу табылса, бірден бой түзеп, құлпырып шыға келеді. Қауызынан гүл ашып, жақындасаң жұпары аңқиды. Әйел адам да дәл солай, арқа сүйейтін ардақты күйеуі болса, соған бағынып, соның тілеуін тілей жүріп қана Алланың мейіріміне шомылады». Әйеліңіз гүлдей құлпырсын десеңіз, даналығыңызбен жақсы бағбан, жел тұрғанда сындырмайтын тіреу бола біліңіз.
5. Ақиқатында, адамзатқа үлгілі болатын бір ғана ардақты жан бар. Ол – елшілердің мөрі Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Ол пайғамбар, ұстаз, көшбасшы, саясаткер ғана емес, әлемдегі ең жақсы жар, ең жақсы әке, ең жақсы ата болған адам. Оның әйелдерімен қарым-қатынасы да кез келген ерлі-зайыптыға өнеге бола алады. Келесі кеңестерді сүннеттен сарқып көрейік:
- Жылы сөйлеу. Көрші халықтарда: «Жылы сөз – салқын судан да жақсы сергітеді» деген сөз бар екен. Ал біздің қазақ «Жылы-жылы сөйлесең,  жылан да інінен шығады» демей ме? Әйел де сіздің ізгі, ықыласты сөздеріңізді естісе, шыққан күндей шырайыңызды сезінсе, нөсерлеткен жаңбырдай жақсылығын жасай бастайды. 
- Еркелету. Әйелдер сондай халық, еркелеткенді, еркелегенді жаны қалап тұрады. Мұны білген Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аиша анамызды (оған Алла разы болсын) "Аише", "Аиш" және "Хумейра" деп еркелеткен екен. (Айша, Аиш деген сөздер "Өміршең", "Өмір сүргіш" деген мағыналар береді. Ал, Хумейра –Айша анамыз қызыл өңді кісі болған соң осылай еркелеткен). Сондай-ақ, ара-тұра дәмді тағамы, тазалық жұмыстары үшін комплименттер айту, шаруада қолдан келгенше көмектесу – әйелдің көңілін табудың бір жолы десек артық емес.
- Әйелмен әзілдесу, ойнау.
Хадисте келгендей, адамның отбасылық ойындарға жұмсаған уақыты сұралмайды. Үкім шығаруда аса қатал, әділеттілікте аса берік Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын): «Еркек адам үй-ішінде, әйелінің алдында сәбидей, ал көпшілікпен болғанда ер болуға тиіс» деп айтқан екен. Аиша анамыз (оған Алла разы болсын) да Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мынадай әрекеттерін баяндайды: «Хайыз кезінде ыдыстан су іштім де, Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  бердім. Ол аузын мен ішкен жерге қойды да, су ішті. Жілік кеміріп отырып, оған ұсынып едім. Ол менің аузым тиген жерден мүжіді» дейді. (Муслим). Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  әйелдерімен әзілдесетін, еркелететін, тіпті, ойнайтын. Аиша (оған Алла разы болсын) айтады: «Бір күні Алла Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  аңға шықтым. Мен ол кезде жас әрі арық қыз едім. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  басқа адамдардан алға жүріп кетулерін өтінді. Сонан кейін маған: «Екеуміз жүгіруден жарысайық» деді. Мен жарыстым да, одан озып кеттім. Ол ештеңе демеді. Мен уақыт өте келе салмақ жинадым. Бірде онымен тағы аңшылыққа шықтым, бірақ, әлгі оқиғаны ұмытып кетіппін. Ол тағы да адамдардан  жүріп кетулерін сұрады. Сонан кейін маған: «Екеуміз жүгіруден жарысайық» деді. Ол мені басып озды да: «Бұл жеңіс – алдыңғы жеңіліс үшін» деп күлімсіреді». (Ахмад).
 
- Көлеміне қарамастан сыйлық жасау.
Сыйлық – адамның нәпсісіне жағатын нәрсе. Сондай-ақ, сыйлық беру– сүннетте де аса жоғары құпталатын рәсім. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір-бірлеріңмен (шынайы) қол алысыңдар, іштеріңдегі кекшілдік жойылсын. Бір-бірлеріңе сый-сияпат жасаңдар – сүйіспеншілік артсын және араларыңдағы көреалмаушылық жойылсын» -деген (Муатта). Келесі бір хадисте: «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, өйткені сыйлық арадағы махаббатты арттырады» (Бәйһақи),-деп келеді.
 
- Хақыларына сақ болу.
Неке қиылған соң, ер азаматтың мойнына қызды асырау, киіндіру, тұрғылықты үймен қамтамасыз ету, төсек хақысын беру жүгі артылады. Еркек үшін ең үлкен садақа – отбасына жұмсаған қаражаты болмақ әрі кәсіп қылған еркек – Алланың сүйіктісі. Ердің Алла алдындағы шынайы деңгейі түздегі әрекетімен емес, әйеліне деген қарым-қатынасымен өлшенеді. Жомарттық – ең бірінші киімің болған әйелге ешнәрсені аямастан жұмсаудан басталады. Бұл – құлшылық ретінде жазылады. Және мұндай еркектің дәрежесі әйел алдында қадірлі бола түседі. Алла Тағала да осы себепті еркекті әйелден мәртебелі еткен: «Ер адамдар әйелдерді – Алла оларға бір-бірінен артықшылық бергені әрі олар мал-дүниелерінен жұмсауы себепті – басқарады». («Ниса» сүресі, 34-аят).
 
- Туысқандары, ата-аналары туралы жақсы сөйлеу, мақтау айту.
Тоғыз ай көтеріп, толғатып дүниеге әкелген анасын, ес біліп, етек жинағанша қамқорлық танытқан әкесін, еркелеткен туған-туыстарын қиып, мүлде жат отбасына келген әйел үшін олар туралы ауыр сөз есту қашан да қиын. Сондықтан, әйелдің жанын жараламау үшін туған-туысқа қатысты бұрыс сөздерден аулақ болған жөн.
 
- Бөгде әйелдің артық қасиеттерін айтпау, намысына қол сұқпау.
Рас, әйел – нәзік жаратылыс, алайда, оның ар-намысына қол сұғылғанда жыртқыштан да артық  болатын кездері болады. Жалпы, сөздің құдіреті сол – адамның жүрегін жаулауға да, ғұмыр бойы жазылмайтын жара салуға да болады. Сондықтан, өзіңіздің абыройыңыз болған, әйеліңіздің ар-намысын да барынша жоғары қоюға тырысыңыз.
 
- Тазалықты сақтау.
Жер бетіндегі ең жақсы күйеу бола білген Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелдерімнің мен үшін қалай сәнденгенін қалағанымдай, олар үшін де әрленгенді жақсы көремін» деген. Яғни, еркектің әйелінің көңілінен шығуға әрекет жасауы да – сүннетте бар амал. Сіз де әйеліңіздің алдында барынша өзіңізді күтімді ұстаңыз. Ұйқыға жатарда жуынып, тазаланып, ретке келген абзал. Әйеліңіздің алдындағы міндетті орындауға кіріскенде де барынша дайындықпен келіңіз, оған да өзін ретке келтіруге мүмкіндік беріңіз.

asylarna.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста