Нығметтерге шүкір еткен адам нығметтердің артуынан мақұрым қалмайды. Өйткені, Алла Тағала «Ибраһим» сүресінің 7 аятында: «Егер шүкір етсеңдер, әлбетте нығметімді арттыра түсемін», &ndash деп уәде береді.
 
Басына келген бәлеге, сынаққа қарсы сабыр еткен адам сауаптан мақұрым қалмайды. Өйткені, Алла Тағала «Зүмәр» сүресінің 10-аятында: «Шын мәнінде төзімдік танытып, сабыр еткендерге сый-сияпатымыз есепсіз беріледі», &ndash дейді.
 
Күнәларына шынайы, ықыласты түрде тәубе еткен жан тәубесінің қабыл болуынан мақұрым қалмайды. Өйткені, «Шура» сүресінің 25-аятында: «Ол құлдарының тәубесін қабыл етеді де, күнәларын кешіреді», &ndash делінген.
 
Алладан кешірім, жарылқау тілеген адам кешіруден, жарылқаудан мақұрым қалмайды. Өйткені, Нұх сүресінің 10-аятында: «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені, Ол өте жарылқаушы», &ndash делінген.
 
Дұға еткен адам дұғасына жауап алудан мақұрым қалмайды. Өйткені, Алла Тағала: «Ғафир» (Мү&rsquoмин) сүресінің 60-аятында: «Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабыл етемін», &ndash дейді.
 
Алла жолында садақа берген адам бергенінің қарымынан мақұрым қалмайды. Өйткені, Сәбә' сүресінің 39-аятында: «Алла жолында бір нәрсе жұмсасаңдар, Алла есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы», &ndash делінген.
 
 
 
 
 
Әбу Ләйс Самарқандинің «Тәнбиһ ул-Ғафилин» кітабынан.