Маман денсаулыққа ең қауіпті 3 өнімді атады

Маман денсаулыққа ең қауіпті 3 өнімді атады

Тамақтану. Әйтеуір аш жүрмеудің амалы ретінде қарап кеткен ұғым. Дегенмен, «ауру – астан» деген ата-бабамыз. Нутрицолог Әйгерім Биболатқызы Bugin.kz порталына қазақ халқының денсаулығына қауіп төндіретін 3 өнімді атады. Нутрицология не үшін керек?

 

Bugin.kz: Елімізде нутрицология ғылымы енді таныла бастады. Дегенмен ғылым ретінде емес, instagramm желісіндегі қысқа курстар ауқымында танылуда. Негізі Нутрицология қандай ғылым? Ол нені  зерттейді ?

 

Әйгерім Биболатқызы: Қазақстанда медицина кезең-кезеңімен дамып келе жатыр. Алғашында медицина адамды өлтіріп алмауғы қызмет етті. Қазіргі біздің классикалық емханалардың қызметі – шұғыл көмек көрсету. Қызуы көтерілген адамның дене температурасын түсіру; соқыр ішек анықталса, соқыр ішекті алып тастау; босану керек болса, босандыру деген секілді.

 

Қазір статистикалық дерекке қарасақ, адамдар арасында жүрек-қан тамыр аурулары жиі кездеседі. Инсульт, инфаркт, артериялық қан-қысымының жоғарылауы секілді аурулар бірінші орынға шықты. Қатерлі ісік те ел арасында жиі кездеседі. Аурулардың алдын алу мақсатындағы ізденіс нәтижесінде диетология саласы танылып,  адамдардың тамақтануына назар ауды. Содан кейін нутрицология да елге танылды.

 

Нутрицология  - нутриенттерді зерттейтін ғылым. Нутриенттер екіге бөлінеді: макронутриенттер, микронутриенттер.  Ет, ақуыз, көмірсу, май, қолдың сары майы, жануардың майы, өсімдік майлары, нан, жеміс, тәттілер, сүт өнімдері – бұлар біз көре алатын макронутриенттер. Дәрумендер, микроэлементтер, бұдан да бөлек ағзаға қажетті өнімдер микронутриенттерге жатады.

 

Мысалы, біз кортоп, пияз, сәбіз, алма секілді әбден таныс өнімдер. Біз жемей жүрген қаншама жеміс, көкөністер бар. Біз тұтынбай жүрген өнімдерде микронутриенттер көп. Адамның денесі ет, сүйек, тамырлар, жүйке жүйесінен тұрады. Бұлардың қызметін реттеуге макронутриенттер жеткілікті. Сонымен қатар ішкі органдар бар. Оның қызметін эндокриндік жүйе реттейді. Ұйқы безі, қалқанша безі, жыныс бездері секілді бездер бар. Осылардың қызметін реттеу үшін гармондар қажет. Олар эндокриндік бездерден бөлінеді. Гармондардың қызметіне дәрумендер мен микроэлементтер керек. Микронутриенттер құлыпты ашатын кілт секілді, соны бұрап ашқанда бізді эндокриндік бездер басқарады. Адамдардың қуануы, күлуі, көбеюі, құлшыныспен еңбек ету – барлығын да эндокриндік бездер басқарады. Бұл саланы меңгермеу мүмкін емес. Осы саланы меңгерген соң, ауруларды антибиотиксіз, химикатсыз, асқыныстарға жеткізбей емдеп тастауға болады. Бірақ бұған қазақ аудиториясы дайын емес, себебі біздің қазақ құлағанда емделеді. Профилактикаға мән беррмейді. Аз уақыттың ішінде бәрін бір таблетка дәрімен шешім тастағысы келеді. Бізде «дәрігерлер дым білмейді» деп жатады. Бірақ сол сөзді айтатын адамдар қандай дәрігерлерге барып ем қабылдады? Ол емхана немесе ауруханаға барып ем алса, ондағы дәрігердің міндеті шұғыл көмек көрсету ғана. Ол дәрігерге одан басқа көмек көрсетуге болмайды. Одан бөлек  дәрігер әрі жеті жыл оқыған, өз мөрі бар, ары қарай нутрицологиялық білімін кемінде 2 жылдан 10 жылға дейін білім аллған маман ғана аурудың алдын алады. Яғни превентивті, интегративтік білімі бар маман, мен оны шынайы медицина деп айтамын.

 

 Нутрицологияны зерттеп, ел арасындағы ақпараттарды көбейту керек. Себебі қазір пациенттерімнің ақазаны мен бүйрегін қарасам, еттен де асқыну болып жатыр. Қазір көп қыз-келіншектер де бүйрек зақымдануы байқалады. Неге? Еттің қалдығы – аммиак, зәр қышқылы бүйректен шығу керек. Олар бүйректе тұрып қап, бүйректі зақымдап жатыр. Соның салдарынан инфекция жиналып, бүйрек зақымдануда. Мен сол жағдаяттан соң, пациенттерге «ет жеме» деп айтсам, олар ренжейді. «Біздің ата-бабамыз ет желі ғой» деп. Ата-бабамыз бір қойдың етін жеді. Бірақ олар отырған жоқ қой. Оларда қимыл-қозғалыс көп болды.

 

Қазір ауылдың өзінде нан пісірмейді, чиккен, донер секілді жылдам дайындалатын асты үйіне дейін жеткізіп беретін қызметтер қолжетімді. Қазір қозғалыстың аздығы қалада ғана емес, ауылда да өзекті болуда. Қозғалмағаннан бөлек, дүкен сөрелеріндегі ұзаққа сақталатын жасанды өнімдерге жақынбыз. Қант, ашытқы қосылатын ұн өнімдері, ұзақ сақталатын сүт өнімдері – қазақтың денсаулығының нашарлауына жеткілікті.

 

Адамдар қазір бейсаналы түрде нәпсімен тамақтанып жатыр. Мынау керек, мынау керек емес деген сұрып қажет. Ал адамдар жеген сәтте ләззаттанатын тағамдарды тұтынады. Нәтижесінде түрлі аурулар туындауда. Бірақ ешкім ол ауруды тамақтануымен байланыстырмайды. Осындай буыннан туып жатқан ұрпақ өте әлсіз. Психикалық бұзылыс, аутизм секілді диагнозбен дүниеге келіп жатқан нәрестелер өте көп. Кесарь тілігімен босану, жасанды ұрықтандырудың көбеюі – салауатты  өмір салтын ұстанбаудың қоғамдағы көрінісі болар.

 

Тамақтану сәтінде адам саналы болуы керек. Бәрін «мынаны қалаймын» деген нәпсілік таңдауға артуға болмайды. «Қайдан келдім, қайда барамын, не үшін жүрмін» деген сұрақтарға жауабы бар адам қалауының иіріміне түспейді. Ашаршылық заманда бір атамыз қарны ашып қиналып тұрса да, «біз бақыттымыз» деген екен. «Бізден тамақты алып қойса да, иманымызды алып қойған жоқ, имандымыз» деген екен. «Ертең бір уақыт келеді адамдарда барлығы болғанмен иманымен сыналады» депті. Барлық сыртқы құбылысқа тез ашуланбай, салмақты қарау; сапалы ұйқы аса маңызды. Биоырған миллион теңгелік дәріден де маңызды. Таң атқанда оянып, күн батқанда ояну ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне адам тарапынан жасалған үлкен көмек.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста