Шекара күзетіп жүрген қыздарымыз шетінен өнерлі

Соңғы 100 жылда әйелдің қоғамда алар орны бөлектенді. Отбасы қарекетімен қатар елге қызмет етіп, ерлермен бірге отан қорғап жүрген бұрымдылар бар. Халқымыздың «әйелдің қырық жаны бар» дейтіні содан болар. Мереке қарсаңында Отан қорғау қызметі саласында жүрген азаматшалар, ҚР ҰҚК Шекара қызметі ансамблінің қыз-келіншектерін әңгімеге тарттық.

Зәмзәгүл Кенжебаева, ансамбльдің көркемдік жетекшісі:
– Осы ұжымда көркемдік жетекші болып еңбек атқарғаныма 25 жылдың жүзі болды. Саналы ғұмырымды, өнерімді шекарашыларға арнап келемін.
Шекарашылар қыстың ызғарымен, жаздың аптабымен санаспай, ел ортасынан саяқта, олардың тыныштығы үшін қызмет етіп жүр. Олардың әскери рухын көтеру, жақсы көңіл-күй сыйлау, түрлі мерекелердің шырайын кіргізу міндеті біздің ұжымға жүктелген. Ансамбльдің құрамында еліміздің барлық өңірінде болудың сәті түсті. Ұжымның шығармашылығына тоқталсақ, 2005 жылы Сочи қаласында өткен «Сарбаздар әндері» фестивалінде бас жүлдені иеленді. Айгүл Әдиханова атты әнші қызымыз «Жас қанат» байқауының дипломанты атанды. Соңғы уақыттары елімізде патриоттық тақырыптағы әндер некен-саяқ болып кетті. Барлығы махаббат тақырыбында, бір сарынды болып келеді. Бұл көрнекті ән шығарушылардың, әншілеріміздің пайда табу жолына ығысып кеткендіктерінен шығар. Осы олқылықтың орнын толтыруға ұмтылған ансамбль бірқатар ақын-сазгерлерге әскери рухтағы ән жазуға қолқа салып, бірігіп жұмыс істеді. Нәтижесінде, сөзін танымал ақын Талант Арғынғали, әуенін композитор Ермек Елгезеков әрлеген «Шекарашы сарбаздар» әні дүниеге келді. Ән ұжымның әншісі Сандуғаш Нұрғазинаның шырқауында тыңдарманға жол тартты. Сондай-ақ Артур Ізтілеуовтің орындауындағы «Берік болсын шекарасы қазақтың» әні де өмірге келді.

Венера Алпысбаева, әнші:
– Оқуымды бітіріп, осы ұжымнан өнердегі еңбек жолымды бастағаныма өкінбеймін. Көркемдік жетекшілеріміз – білікті ұстаздар. Біздің ән қорымыз өте бай. Оларды игеру үшін күні-түні табандылықпен жұмыс істеуге тура келеді. Ұлы Отан соғысы кезінде Роза Бағланова апамыз әнші, әртістермен бірге майданға барып, танкінің үстінде тұрып ән айтқан ғой. Әннің құдіретін Кеңес үкіметі де түсініп, жауынгердің жабырқау көңілдеріне дем беру, рухын көтеру үшін жасалған шара еді ғой сондағы ойлары. Бүгінгі заман басқа болса да, біздің де міндетіміз – әскерлерімізге, шекарашыларымызға рухани азық – ән сыйлау болып табылады. Осы биіктен ойдағыдай көріне білу үшін ұжым мүшелерінің барлығы жұмыла еңбек етіп отыр.

Алма КӨПЖАСАРОВА, би тобының жетекшісі:
– Қазақ би өнерінің қас шебері, биші апамыз Шара Жиенқұлова: «Биші бір ай өнерімен айналыспаса, арқасы қозады», – деген екен. Сол сөздің ақиқатына ұжымда еңбек еткен он жылда көзім жетті. Өнер адамдары әсіресе сахнаны аңсайды. Өнерімен көрерменді тәнті еткізуді ойлайды. Сахна – сын әлемі. Сондықтан да оған бей-жай дүниелерді алып шықсаң, сынға қаласың. Біз де өнердің асқарынан көріну үшін барымызды салып жүрміз.

Бүгінде 40 жылдық тарихы бар ұжымда төрт әнші, он биші, төрт қобызшы және домбырашы қыз-келіншектер бар. Әскери қызмет пен өнерді ұштастыру оңай шаруа емес. Өткен жылы Зәмзәгүл Орынбасарқызы Кенжебаева Президенттің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алды. Бұл да – жылдар бойғы еңбектің жемісі. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы жақындап келеді. Соған байланысты арнайы шығармашылық бағдарлама дайындалуда. Ол алдағы аптада батыс өңіріндегі Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе қалаларында және осы аймақтағы шекара шептерінде басталмақшы. Концертті Астана қаласындағы Орталық аппарат та тамашалайды. Түркияның көсемі болған айбынды тұлға Мұстафа Кемал Ататүрік: «Біздің бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика Президенті де бола аламыз, бірақ ешқайсымыз өнер адамы бола алмаймыз. Осылай болғандықтан да, өнер адамы біздің емес, біз өнер адамының қолынан сүйеміз», – деген екен. Бұл – өнердің кез келгеннің уысына түсе бермейтін, дара қасиет екендігін білдіреді. Ендеше туа біткен дарындарымен халқының қорғаны – шекарашыларды ән мен жырға бөлеп жүрген ансамбльдің өнерпаз нәзік жандарын мерекелерімен құттықтап, өнердің асқарынан көріне беріңіздер демекпіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста