Зираттарды қиратқан кімдер?

Жыл басынан бері Атырау қаласы маңындағы екі зираттағы 31 қабірді қирату оқиғалары тіркелген болатын. Енді осындай қарақшылық оқиғалар Махамбет ауданындағы тағы бір зиратта қайталанып отыр.
Ішкі істер департаменті маманда­ры­ның айтуынша, тергеу ісінің барысында жас адам­дардан құралған екі топқа «осы қас­көй­лікті жасады» деген күдік тағылып отыр. Же­дел іздестіру нәтижесінде барлығы 13 адам ұс­талған.
Күдіктілердің біреуі іздеуде жүр. Ұс­тал­ған адамдар үш күн бойы қасақана қа­ла­лық зи­раттағы қабір құлпытастарын қи­рат­қан­­да­­рын мойындады. Қазіргі уа­қытта олар­­дың Махамбет ауданындағы зиратта бол­­ған жағ­дайға қатысы бар-жоқ­тығы анық­­та­­лу үс­тінде. Айғақтар әлі толық жи­нал­­ма­ған.
Әйтсе де қолға түскендердің екеуі сол Ма­хамбет ауданының тұрғындары екені анық­талған.
Зираттарда болған тұрпайы әре­кет­тер­ді жерленген марқұмдардың туыстары 14 қаңтар күні байқаған. Белгісіз адамдар отыз­дан астам қабірге қойылған белгілерге за­қым келтірген. Жерленген адамдардың ба­сына қойылған тастар толығымен қи­ра­тылып, қабір үстіндегі құлпытас ұсақ бө­лік­тер­ге бөлшектеніп тасталған. Қаланған тас­тар қиратылып, марқұмдардың зират ба­сын­дағы суреттері бүлінген.
Мұндай оқиғалардың жиілеп кету се­беп­терінен облыстағы ең тәжірибелі тер­геушілер мен криминалистерден жедел тергеу тобы құрылған. Ендігі кезекте бұл қылмысты тергеу Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­те­тінің қызметкерлерімен бірлесе жүзеге асы­рылатын болады. Зираттарды за­қым­дауды кәсіпке айналдыра бастағандардың барлығы елімізде тіркелмеген діни ағым­дарға кіреді деген де деректер бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста