Кеше Алматыдағы «Бөбек» қорында әлеуметтік ахуалы нашар отбасынан шыққан талантты балалар мен жеткіншектерге арналған «Кескіндеме» шығармашылық студиясының салтанатты ашылу рәсімі болды.
Студияның ашылу мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан дарынды балалардың тұлға болып қалыптасуына қолдау көрсету және балалар шығармашылығына қоғам назарын аударту. Аталған орталықтың бас директоры Тілек Қарымсақовтың айтуынша, бағдарлама аясында Қазақстанның тарихи-мәдени құндылықтары мен мәдениетіне арқа сүйей отырып, жасөспірімдер арасында рухани-адамгершілік тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік ахуалы нашар отбасынан шыққан дарынды балаларға кескіндеме өнерінен сапалы білім беру қарастырылған. Студияда елімізге танымал Д.Әлиев, А.Хәкімжанова, С.Жұмашева, С.Нәкісбекова сынды белгілі суретшілердің шеберлік сыныптары өтті. Жас таланттар белгілі суретшілердің жетекшілігімен кескіндеме өнерінің қыр-сырымен танысып, мұражайдағы көрмелерде де болды.
Жаңа студия жас таланттарды қолдауды көздейді
Последние статьи автора