"Түркістан" газетіне - 20 жыл

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Өткен демалыста бүкіл қазақ баспасөзінің ортақ тойы өтті. Ол тойдың өтуіне себепкер болған «Түркістан» газеті. Осыдан тура 20 жыл бұрын ұлттың рухымен үндескен, жалпы қазақтық һәм түрікшілдік идеясын ту еткен, халықаралық саяси апталық "Түркістан" газеті қазақ оқырманына жол тартқан еді. Осыған орай «Алаш айнасы» газеті түркістандық әріптестерін мерейтойлық мерекелерімен құттықтап, алар асуларыңыз бұдан да биік болсын, қаймана қазаққа одан әрі де қызмет ете беріңіздер дегісі келеді.
Газет мерейтойлық кеші сәуірдің 26-і күні Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрында атап өтілді.
«Түркістанның» мерейтойы қарсаңында Алаш арыстарының идея-лары мен тарих тағылымдарын кеңінен насихаттау бойынша үлкен байқау жарияланған. Оның қорытындысы бойынша 500 мың теңгелік бас бәйгені тарихшы-ғалым Тұрсын Жұртбай, Қалтай Мұхамеджанов атындағы ар-найы сыйлыққа журналист Ермек Зәңгіров (400 мың теңге), 350 мың теңге көлеміндегі бірінші жүлдеге Назерке Жұмабай, 250 мың теңге болған екі екінші жүлдеге Бауыржан Айманов пен Кәмел Жүністегі, 150 мың теңге болатын төрт үшінші жүлдеге Жақау Дәуренбеков, Момбек Амангелдиев, Жалмұрат Кенжебай, Сейдулла Садықовтар лайық деп танылғаны айтылып, сыйлықтар табыс етілді.
Ең әуелі 1994 жылдың 28 қаңтарында оқырманымен 4 бет көлемінде қауышқан "Түркістан" газеті бүгінде қазақ тіліндегі ірі форматтағы ең ірі саяси апталықтардың қатарынан саналады. Cаяси апталықтың алғашқы нөмірінен жұмыс істеп келе жатқан, ардагер журналист Көлбай Адырбекұлы газеттің алғашқы күндерін былай еске алады:
– «Заман Қазақстан» газеті берген уәделерін орындамағаннан кейін, жазушы, драматург Қалтай Мұхамеджанов оның орнына «Түркістан» газетін ашты. Бұл халықаралық газет болды. Қалтай Мұхамеджанов ең қиын кезеңдерде, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, қаржының тапшы кезінде газетті шығарып отырды. Сол кездегі газет қызметкерлері де айлап жалақы алмаса да, газетті шығарды. Бұл тіл үшін күрес болды. Тәуелсіз елдің мүддесі үшін күрес болды. Осының бәрінің басшылығында Қалекең тұрды. «Түркістан» газеті қазір іргелі газеттің біріне айналды. Өз оқырмандарын тапты. Бұнда қоғамдық өмірдің барлық саласы қамтылады: экономика, тарих, саясат, дін, өнер. Газеттің қалыптасуына Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың ықпалы ерекше екенін айттым. Ол газетке басшылық жасап қана қойған жоқ. Оған белсенді автор да бола білді. Қоғамдық өмірдегі келеңсіз жағдайлардың бәрін өткір сынға алды. Дін, тарих, мәселесіндегі ол кісінің публицистикалық шығармалары оқырмандар көкейінен шығып отырды. Әсіресе, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында елімізде өте толғақты мәселелердің біріне арналған көші-қон проблемасына арнап, арнайы «Қоныс» қосымшасын жүргізуді қолға алды. Қосымшаның редакторы Айтан Нүсіпхан Қазақстанның көші-қон саласындағы іргелі саясатының қалыптасуы жайында көп проблемаларды сөз етті.
Одан кейін газет тізгінін қолына алған Шамшиддин Паттеев те Қалтайдың бастап кеткен жұмысын алға қарай жалғастырды. Және қоғамдық өмірге сай, тәуелсіз елдің дамуына сай газеттің мазмұнын дамыта білді. Газетіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!!! Жазар көбейсін!
Салтанатты жиын мен мазмұнды концерттен соң сөз алған «Түркістан» газетінің бас редакторы Шәмшидин Паттеев осындай қамқорлығы мен қолдауы үшін «Нұр Отан» партиясының, оған қарасты «Нұр-Медиа» холдингінің басшылығына ұжымдастары, жалпы әріптестер атынан ризашылығын білдірді.
Ал кеш соңы көңілді ән-күймен көмкеріліп, көпшіліктің ойынан шықты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста