Жаңа бейнебаянын жарыққа шығарған Кәмшат Жолдыбаева көпшілікке тағы да жақпай қалды. Әншінің клиптегі ашық образдарын желі қолданушылары қызу талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Тыңдармандар әншіден жаңа дүние күткенін, алайда бейнебаянның өзге клиптерден еш өзгешелігі болмағанын жарыса жазуда.
"Әр жерге аунап, өзін көрсете берген не клип?", "Не деген дауыстар", "Құдай бетін аулақ қылсын. Әке-шешеңнен ұялмайсың ба?", "Жаңа әні шығыпты деп қуанған едім", "Клиптегі даусы мен үнемі өзін-өзі сыйпалағаны эротикалық кадрге жатпайды ма?".
"Клип те, өлең де өте нашар", "Адам көретін клип емес", "Бұл клиптің өзгелерінен еш айырмашылығы жоқ", "Одан да тұрмысқа шықшы".
"Әуені керемет екен. Бірақ образда артық кетіп қалмадыңыз ба?", "Мынадан кейін сенде жөні түзу жігіт те, фанат та болмайды ғой", "Көріп отырып, жиіркеніп кеттім", "Әнші болып клип түсіргенше, актриса болып кинода ойнағаның артық".
"Өз талантыңды осындай арзан дүниемен көрсеткенің өкінішті", "Не сұмдық? Алда ораза келіп қалды", "Әншімін деп ойыңа келгенді жасай берме. Жастарға үлгі беретін, түбінде ойы бар клип түсіру керек".
"Өзіңнің әуретті жеріңді көрсетпей-ақ, бәрін әдемі жеткізуге болады ғой. Жанар Дұғалова клипінде сүйіссе де, өзінің әйелге тән нәзіктігін жоғалтпайды. Әнді өте әдемі жеткізеді", "Орта жасқа келгенде жастарға көрсеткен үлгісі осы болды", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, әншінің бейнебаянының "Gakku" арнасының Youtube желісіне салынғанына үш сағат қана өтсе де, оған 500-ге жуық теріс пікірлер жазылған.