«Сыр сүлейлері» аллеясы салынбақ

Соң­ғы жыл­да­ры Сыр бойын­да мә­де­ни ескерт­кіштер орнатуға мән беріле бастады. Бұл өнерге жақын өлкенің өрісін кеңей­тіп, алыс-жақын жұрт алдын­дағы абыройын ас­қақ­тата түспек.
Биылғы жылы Қызылорда қаласында «Сыр сүлейлері» аллеясы бой көтергелі отыр. Қашаннан да жыр елі атанған өңір­де осы күнге дейін өрелі өнер иелеріне ар­нал­ған арнайы орындар жоқ еді. Игі бас­та­ма сол олқылықтың орнын тол­тыр­ғалы отыр. Әуежай беттен қалаға кіре бе­ріс бө­лікте орын тебетін аллея меймандарға да­рия бойындағы дүйім елдің мәдени қа­зы­наға бай екенін аңғартып тұрады. Онда Ба­зар, Тұрмағанбет, Нұртуған және Нартай се­кілді көптеген өнер иелерінің ес­керт­кіш­тері бой түзейді. Осының нәтижесінде ке­йінгі ұрпақ ғасырлар бойы өшпей жаң­ғы­рып келе жатқан өнерді тағы да ұлық­тай тү­сері анық.
Қуаныштысы, мұндай орындар биыл облыс орталығында көбеймек. Бүгінгі таңда «Сыр-ана» ескерткішінің іргесі қа­лануда. Тағы да басқа мәдени дүниелер көп­шілік көзайымына айналмақшы.
«Сыр сүлейлері» аллеясы қаланың ор­та­лығы болып табылатын Жібек жолы кө­ше­сінің бойына салынады. Ол облыстық кі­тап­ха­на маңында бой көтереді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста