«Қыран-топан» болады

Сатира – қашанда күштілер қаруы саналған. Әдебиеттің осы бір жауынгер жанры арқылы қоғамның қаншама көлеңкелі тұсы ақтарылып, қаншама шындықтың беті ашылды?
Сын-сықақ, әзіл-күлкіге адамдар сон­ша­лық құмар болатыны да сондықтан. Күл­­діре отырып ойланту, келемеждеп оты­рып ұялту, қалжыңдап отырып ақиқаттың бетін ашу – ол шын сықақшының шебер­лі­гіне байланысты. «Қисық сөз күлмекке ке­рек» деп қалжыңдайтын қазақ «Құдайым күл­­кіден айырмасын», «Езуіңнен күлкі кет­песін» деген игі тілекті жиі айтады. Алда көк­теммен ілесе келетін Күлкі күні келе жатыр. Күнделікті тіршіліктің күйбеңінен арыла алмай жүрген біздер үшін 1 сәуірдің орны ерекше. Өмірімізді ойын-сауық пен күлкіге толтырып, көңілімізді бір серпілтіп тастайтын осы бір көктемнің бейқам кү­нінде жер-жерде қызықты шаралар ұйым­дастырылып, ел-жұрт та бір-біріне әзіл-қалжыңын арнап, бір жасап қалып жатады. Күлкі күні қарсаңындағы сондай бір шара Қазақстан Жазушылар одағында биыл тағы да өткізілмекші. Жазушылар одағы са­тира кеңесінің ұйымдас­тыруымен жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл әзіл-сықақ кеші «Қыран-топан» деп аталады. Кеш­ке елімізге есімдері белгілі сатирик жа­зу­­шылар мен әзілқой өнерпаздар қа­тыс­пақ. Кө­рерменін күлкіге қарық қылатын бұл кештің жүргізушісі – қазақтың танымал са­тирик жазушысы Көпен Әмір-Бек. Со­ны­мен қатар ұйымдастырушылар өз өнерін ор­­таға салып, татымды әзілімен бөліскісі ке­­летін талантты жастарға Жазушылар ода­ғы­ның сахнасынан орын ұсынылатынын ай­тып отыр. «Қыран-топан» күлкінің куәсі бол­ғыңыз келсе, 31 наурыз күні сағат 17.00-де Жазушылар ода­ғының Әде­биет­ші­лер үйіне келіңіздер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста