Қыдырәлі Болман қазақ қыздарының қытайға тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді

Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болман қазақ қыздарының Қытай азаматтарына тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы әйел бұзылса, онда мемлекет, ұлт бұзылады дейді. Сондықтан мен қаракөз қарындастарымның, біріншіден иманы жоқ, екіншіден таза емес халыққа күйеуге тигенін еш қаламас едім. Жиендерімнің ол жақтан болғанын еш қаламас едім. Өйткені менің оған тәрбием де жібермейді. Біз мұсылман елміз, мұсылманның қызы мұсылманға тұрмысқа шығуы керек. Ата-бабаларымыз елімізді, жерімізді сүйіп, оны қорғап қалды. Ата-бабаның аманатын орындап өсуіміз керек. Сондықтан тисе, тие берсін дейтіндерге менің ешқандай сөзім жоқ", — дейді продюсер Sputnik тілшісіне.

Әнші Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына ештеңе айта алмаймын дейді.

"Болары болып, бояуы сіңіп қойған дүние ғой. Ал егер бір қарындасым келіп, "қытайға күйеуге шығайын деп едім, қалай қарайсыз?" десе, қалай қарайтынымды түсіндіріп, айтып берер едім", — дейді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Қытай азаматы мен қазақ қызының құдаласу рәсімінен видео тараған еді. Ұлт жанашырлары, шоу-бизнес өкілдері желіні шулатқан видеоға қатысты сан түрлі пікір білдірді. Олардың дені қазақ қызын "іштен шыққан жауға" теңеп, қатал сынға алған болатын.

Ал танымал продюсер Баян Алагөзова, керісінше, қазақ қызын жақтап, пікір білдірген еді.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста