IQ
терминi ақыл-ой көрсеткiшiн анықтау үшiн пайдаланылады.
Адамның зеректiгiн, бiлiмдарлығын анықтау үшiн бұл әдiстi ойлап тауып, ғылыми айналымға енгiзген – немiс ғалымы В.Штерн.
IQ (интеллект көрсеткiшi) әдiсiнiң негiзгi талаптары 200 сұрақтан тұратын тест түрiнде түзiлген.
Көптеген зерттеулердiң нәтижесi бойынша көкiрегi ояу, көзi ашық деген адамдардың зеректiк көрсеткiшi 140-150 бiрлiктi құрайды екен. Ал компьютердiң көмегiнсiз бiр адым аттай алмайтын адамдарда IQ деңгейi төмен болады екен.
* * *
Мазмұны маңызды емес...
Модерн
Француз тiлiнен алғанда, modern – жаңа, тың, замануи деген мағынаны бiлдiредi. Негiзiнен, әдебиет пен өнер саласында қалыптасқан бұл ағымның өкiлдерi өздерiне дейiн жасалған дүниелердi барынша жоққа шығарып, тың идеяларды көтерушiлер болып табылады.
Бүгiнде «модернизм», «постмодернизм» ағымын жаңғыртушы қалам иелерiнiң бiр шоғыры қалыптасты. Олар белгiлi бiр шығарманы дүниеге әкелу барысында мазмұнынан гөрi түрге (формаға) үлкен мән бередi.
Қаншалықты зерексiз?
Последние статьи автора