Мен "әдеби стилі қалыптасқан жазушы" деген сөзді онша ұната бермеймін

Серік ҚАПШЫҚБАЙҰЛЫ, Қытай мемлекеттік сыйлығының иегері:

Қазақ елі тәуелсіздік алғанан кейін көп ұзамай Қытайдан тарихи отанына ат басын бұрған қаламгердің бірі – Серік Қапшықбайұлы болатын. Атажұртына оралған қаламгер бірнеше туындысын халқына ұсынып үлгірді. 80 жылдық мерейтойы қарсаңында өз оқырмандарына «Жүрек тұстан» деп аталатын өмірбаяндық романын ұсынған қаламгерді әңгімеге тартқан едік.
– Серік аға, өмірбаяндық романыңыз қалай жазылғанын айтып берсеңіз?
- Бұл романды жазу маған оңай түспеді. Орта жолда жазбай тастап кетпекші кезім де болды. Бірақ бүкіл өміріңнің қақ жартысының көбі осыған байланысты болғандықтан оны тастап кетуге дәтім жетпеді. Әйтпесе, ауырпашылығын бір кісідей тарттым, отбасында түрлі жағдайларды бастан кешірдім. Оның бәрін айтып отырудың өзі ыңғайсыз. Роман 3 жылдан астам уақыт бұрын жазылып шыққанымен, оны баспадан шығарудың мүмкіндігі тек биыл ғана туды.
- Сіздің «Жүрек тұстан» романыңыз несімен ерекшеленеді?
- Өмірбаяндық романды кім жазбады. Көп жазушы жазды. Бірақ мен басқа бір тәсілмен бас жаққа барыса беруден көрі, үкіметпен бет жыртыса беруден көрі тағдыры болымыстың әлегімен болған оқиғаны байланыстырып жаздым. Анығын айтқанда, дәстүрлі өмірбаяндық шығарма жазу стилінен мүлде бөлек. Енді осы кітабым қазақ әдебиетінің айдынына тамшы болып тамып халқымның рухани игілігіне айналса болғаны
– Модернизм әдебиетінің жетегіне еріп кеткен жоқсыз ба?
– Өте дұрыс айтасың. Менің айналсоқтағаным саналық әдебиет. Бірақ соның өзіне күп етіп түсіп кетуге де болмайды екен. Күмп беріп түсіп кетіп жүргендерді де көріп жүрміз. Адам көркем шығарма оқығандай болмайды екен. Оның ой иірімдеріне қарапайым оқырман бойлай алмайды екен. Сол себепті сіз айтқан модернизмді өзіміздің қарабайыр әдісімізбен бірлестіріп жазуға тырыстым. Мұның өзгешелігіде осында деп ойлаймын. Оның әділ бағасын оқырман береді ғой.
– Ел арасында «Серік Қапшықбай өлеңдерін түсініксіз етіп астарлап жазады. Мына заманда олай жазудың не қажеті бар» деген пікір бар.
- Оның рас. Ондай айтқандардың сөзін өзім де естіп жүрмін. Қарап отырсаң «әдебиет» деген сөздің өзі «астар» деген сөзге жақын емес пе? Ал күнделікті қара суша сапыратын сөз болса оның ауылы бір басқа. Оны көркем әдебиетпен салыстыруға мүлде келмейді. Сондықтан әдебиетте астарлай айту деген ежелден бар. Әрі-бірден кейін ол – әдебиеттің ата кәсібі. Оны жоққа шығара алмайсың. Егер поэзияда астарлап жазудың сиқырын жақсы меңгера алсаң, онда сенің жазған әрбір өлеңің сонысымен түрленіп тұрады. Ал астарлаймын деп жұмбақтап кететін, ойласаң миың жетпейтінді шатасу дейді.
– Сіздің өзгешелеу жазылған бұл романыңызды да жұрт түсінбей қалып жүрмей ме?
- Олай бола қоймас. Егер сіз айтқандай «түсінбедік» деген бір ауыз сөзбен жылы жауып тастаса әдебиетке одан артық қасірет жоқ шығар. Көп нәрсені қосқым келді, бірақ одан да қорқақтап қалыптым. Сол себепті көбінесе оқырманды ойлаумен болдым да, қиялымдағы біраз дүниелерден айырылып қалған жерім бар.
– Сынды қалай қабылдап жүрсіз?
-Сын – әдебиеттің күре тамыры. Онсыз әдебиет көгермейді, көктемейді. Әрқандай жазушының бағамдай алмаған идиялық дүниелері көп қой. Ал мүлтіксіз, кемшіліксіз жазамын деу мүмкін емес қой. Қайта оның болғаны жақсы. Мен «әдеби стилі қалыптасқан жазушы» деген сөзді онша ұната бермеймін. Ең жақсысы әдеби стильдің қалыптаспағаны жақсы. Әдебиет жаратылыстық ғылым емес, белгілі бір формалаға түсетін. Жазушы қалыптаспаған сайын ол саған жаңа дүние әкеле алады. «Қалыптасқан жазушы» деген шығар биігі бітті, енді одан ештеңе шықпайды деген сөз ғой баяғы. Алдыңда өмірің болады екен, жазады екенсің, сызады екенсің ең жақсысы қалыптаспай жазғаның жақсы.
– Жазушының беделін немен өлшеуге болады?
-Жазушының беделін өлшейтін біра-ақ нәрсе бар. Ол – жазушылық еңбегі. Оның жазған шығармасы өз өмірінде, өз бағасында бере алады. Енді ойпыл-тойпыл болып жақсы баға берілмей қалу, жеріне жеткізіп айтылмай қалудың өзі де жазушы беделіне нұқсан келуі де ғажап емес. Мәселен, менің кітабымды оқығандар секілді «ол осындай, ол мындай» деген секілді ала-құла пікірлер де жазушы үшін абырой әпермейді. Бірақ саналы оқырман кімнің кім екенін өзі бәрі-бір екшеп алатынына сенімім кәміл.
– Мүмкін, оқырманы көп автордың беделі жоғары болатын шығар?
- Бұл сөзіңнің де жаны бар. Бірақ бүгінгі оқырмандардың көптігінен бір жазушының беделінің «жоғары» немесе «төмен» екенін білу мүмкін емес. Егер Шымкенттен шығатын «Қызық-мызық» деген секілді газеттерді оқитын оқырманға қарап жазушының беделінің жоғары екенін айтсақ күлкілі болмай ма? Сондықтан бір кітапты дүниежүзінде 5 адам оқыса да ол сол жазушыға жеткілікті. Бұл мен үшін болады.
– «Жазушы ұсақталып кетті» деген пікірмен келісесіз бе?
-Жазушының ұсақталуы деген нәрсе пікіріңнің, ойының құны кетеді деген сөз ғой. Жеріне жеткізіп шыға алмайсың. Түсінікте шәлкем-шалыс болады. Ең бастысы әдебиеттегі бәсекенің жоқтығы жазушыны ұсақтатады. Бұл күндестік не көре алмастық емес, ой бәсекесі болу керек. Әдебиетте ой бәсекесімен жансақтауға болады. Тың ойды дәл тауып ойып түсе алмасаң сіз айтып отырған ұсақталу деген сол кезде болады. Болып та жатыр. Мен осы ұсақталудан қатты қорқам. Қартайып ұсақталуға да болады. Жалын атып тұрған кешегі ой мен пікір онда жоқ қой. Егер шын жазушы болса 70-ке дейін берілмейді.
– Сіз әдебиеттің түрлі жанрында шығарма жазып жүрген қаламгерсіз. Осы жазушы үшін қаншалықты тиімді?
-Қытайда жүргенде 10 драма жазуды жоспарлағам. Соның үшеуін ғана жаздым. Қалғанын жазуға батылым бармай отыр, осы үшеумен тоқтады. Әдебиеттің жанры көп, өз басым поэзия, проза, драма және балалар әдебиетімен де айналысқан кезім болған. Егер қаламгердің қалам қарымы әр жанрға жетіп тұрса жазғанға не жетсін. Ол жақсы іс қой.
– Қазақ оқырмандары неге азайып кетті?
-Жұрт оқырман азайып кетті деп зарлап жүр ғой осы күнде. Ол кешегі күннің еншісінде қалды, ол кезде сені зорлықпен оқытатын. Ол кездегі шығарманың бәрі жаман болған жоқ, оның ішінде де не керемет шығармалар да болған. Әдебиеттің бәрі оқылады деген мүмкін емес. Егер шынайы көркем шығарма болса ол оқылады. Екінші бір жағынан халыққа міндеттеп оқыту керек. Олар да түсінсін, білсін. «Халық оқымайды» деп өзіміз әдебиетті күзеп отырамыз. Бұл дұрыс емес. Кінә оқушыда емес, басты кінә жазушының өзінде.
– Мүмкін, әдебиет сынның қазаны бұрқылдап қайнамағандықтан, халықтың әдебиетке деген қызығушылығы азайған шығар...
-Жазушылар Одағығына әр жылғы шығып жатқан шығармалар туралы жиындар өткізіп, сол туралы баяндамалар жасалу керек. Пікір айтылып, тартыстар болу керек. Әрбірден кейін бірінің шығармасына бірі пікір жаудырып қып-қызыл майдан болу керек. Және «Қазақ әдебиеті» газетінде сыншылардың мақалалары қарша борап тұрса әдебиеттің көсегесі сонда көгермей ме? Содан кейін көркем шығарманы оқымай көрсін. Қазір жазушылар одағы тыңғылықты жұмыстар істеп жатыр. Бірақ осы жағына жиірек барса жақсы болар еді.
– Көп ақын-жазушылар түрлі сыйлықтарға шығармасын ұсынып алашапқын болып жүреді. Сізді солардың қатарынан неге көрмейміз?
-Менің ондай әдеттерім жоқ. Мүмкін, менің басты кемшілігім де осы шығар. Байқап отырсаңыз қазірдің өзінде сыйлық алып жүрген шығармаларда реализмнің формасын көремін. Бағанадан сөз етіп отырған модернизм әдебиеті қайда? Дүние әдебиетінің беталысы қайда? Қазіргі жастарды сынайды ол дұрыс емес. Бәрібір сол жастардың айтқаны болады. Өткені олардың әдебиетке бет алысы жақсы, ізденісі бөлек. Әлем әдебиетінің арнасына қарай бет бұрған. Оған да уақыт келер, түбі солардың айтқаны болады. Жастардың бәрі соған ден қояды дегендік емес, оның ішінде де небір үздіктері әлі-ақ соған жетеді. Әдебиет бұрынғыдан 180 градус бұрылды деуге болады. Бұрылуы да керек. Әдебиет жан сақтаймын десе солай істегені дұрыс. Әр дәуірдің әдебиеті тарих қойнауында қалу керек. Тарихтың міндеті – арта қалып отыру. Сондай шығармаларды мына ХХІ ғасырда сыйлыққа ұсынып жүрген коммиссияға таңым бар.
– Сіз Қытай мемлекеттік сыйлығын алыпсыз. Қытайда сыйлық алу біздердікінен оңай ма?
-Қиын емес сияқты, Қытай маған өзі берген жоқ па?
– Әлем әдебиетінде сыйлық алмай-ақ ұлы классик атанған ақын-жазушылар қаншама? Керісінше сыйлық алған ақын-жазушылардың көбі ел есінде қалмай жатады. Сонда ақын-жазушы үшін сыйлық алудың қаншалықты маңызы бар?
- Сыйлық алып, медальды омырауға тағу деген ол көптің ықыласы ғой.
Ол жақсы нәрсе. Бірақ кейде соған татымайтын шығарма мемлекеттік сыйлық алып жатқанда осы сыйлықтан да пәлендей үміт күтудің өзі дұрыс емес сықылды көрінеді маған.

Сұхбатты жүргізген Әлімжан ӘШІМҰЛЫ.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста